NIS мұғалімі бірден екі авторлық құқық алды
Ағылшын тілі мен ЖПЖЖ мұғалімі, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Алия Хасенеева бірден екі авторлық құқыққа ие болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Авторлары – Әлия Хасенеева, Гүлден Сүйіндікова және Нұрислам Ибраимов. Бұл ЖПЖЖ оқытушыларына зерттеу жобаларын қалай оқыту және ұйымдастыру туралы ұсыныс пен теория түрінде әдістемелік көмек. Айта кету керек, Әлия Хасенеева – “Болашақ” бағдарламасының 2017 жылғы түлегі, педагогика ғылымдарының докторы. NIS жүйесінде 11 жылдан бері жұмыс істейді.