Ақмола облысында қосымша білім беру ұйымдарының үздік педагогы анықталды

Жеті үздік педагог қатысқан «Үздік қосымша білім беру педагогы» облыстық сырттай байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара қосымша білім беру жүйесінің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарының педагогикалық шеберлігін арттыруға және ынталандыруға ықпал етеді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқау барысында педагогтер өздерінің ұсынған материалдарында кәсіби-педагогикалық шеберлігін, шығармашылық ерекшелігін, жалпы педагогикалық практиканы білетіндігін, қосымша білім беру жүйесінде сыныптан тыс жұмыстарды оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін байқатты. “Байқауға қатысушылар кәсіби портфолиосымен толықтырылған «Менің кәсіби ұстанымым» атты өзін-өзі таныстыруды айқын көрсетті.

«Оқушылардың жеке тұлғасын қосымша білім беру құралдарымен дамытуға менің көзқарасым» тақырыбында эссенің әдеби жанрында жоғары шеберліктерін танытуға мүмкіндік алды”,- деп түсіндірді ұйымдастырушылар. Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздардың есімі анықталып, Бас жүлде Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Балалар өнер мектебінен» Бахмат Евгения Андреевнаға бұйырды (фото суретте).

Жүлделі бірінші орын – Пищулин Кирилл Владимирович, Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының балалар –жасөспірімдер шығармашылық орталығы; екінші орын – Макер Тұрысхан, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Научный кентінің балалар- жасөспірімдер шығармашылық орталығы; үшінші орын – Коростелева Наталья Николаевна, Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы берілді.

Білім бәсекесінде бақ сынаған үміткерлер мен жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен, дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий