Мәртебелі мектептің мұражайы

Сәтбаев қаласындағы №9 орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ұлттық Ғылым Академиясының 75 жылдығы және аталған ғылым ордасының тұңғыш президенті, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай ғұлама ғалымның мұражайы ашылды, – деп хабарлайды Қарағанды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімге металлургтер шаһарының басшысы Асқар Ыдырысов, қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук, қала әкімінің орынбасарлары, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Яхия Асатов, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Сабыр Омаров, музейді жасақтау ісінде серіктес болған Жезқазғандағы Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейінің қызметкерлері, Жезді кентіндегі М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің директоры Зейпін Қазанбаева қатысты.

– Қаныш Имантайұлының дүниеге келгеніне биыл 122 жыл. Бар ғұмырын халқының игілігіне арнаған алып академик, кемеңгер тұлғаның жарық дүние есігін ашқан күн әр жыл сайын айрықша сипатта атап өтілуде. Өзінің есімі берілген қалада тарихи тұлғаның құрметіне арналған маңызды шаралар мен игі бастамалар үздіксіз жалғасын тауып келеді. Бұл үрдіс ешқашан үзілмесі күмәнсіз. Жас буынға тәлім-тәрбие беріп, зердесін кеңейтетін білім ошағында ғұлама ғалымға арналған музейдің қолданысқа берілуі – соның бір айғағы. Ұрпақ еншісіне өшпес мұра, сарқылмас қазына қалдырған Қаныш есімін дәл осы білім ордасына беру – ұтымды шешім деп ойлаймын, – деді қала әкімі құттықтау лебізінде Асқар Абылайұлы. Жиналған қауым ұлы даланың дара бітімді тұлғасының мағыналы өмір жолдарынан сыр шертетін, аса тартымды әрі алуан түрлі музей жәдігерлерін қызыға тамашалады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий