Бишілер бағындырған белес

«Nur-Sultan Championship – 2021» республикалық чемпионатында аймақтың намысын қорғау үшін бақ сынаған Б. Момышұлы атындағы мектептің 4 сынып оқушылары Нұрасыл Қанат пен Інжу Рахым «Ювеналы – 2» санаты бойынша 16 жұп арасынада жүлделі екінші орынмен марапатталды, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Өнер додасы мазмұнды ұйымдастырылуымен әрбір үміткердің есінде қалары анық. Карантинге байланысты көптеген жарыстар тоқтатылғаны білгілі. Бірақ соған қарамастан біз қолымыздан келгеннің бәрін көрсетуге тырыстық, – дейді Інжу Рахым. Қос талант бес жастарынан «Классик» спорт клубында би қимылдарының қыры мен сырын меңгеріп, түрлі жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды. Бұл жұп «Love Story – 2020» халықаралық сайысында үшінші қатардан көрініп, былтыр «Bayterek Winter Cup 2020» турнирінде топжарған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий