Жарқын болашақтың білім ордасы
Тәуелсіз еліміздің алғашқы астанасы – Алматы қаласында, ата жұртта екі туыс және дос халықтың біртұтастығына, түркі дүниесінің ортақ білім және мәдениетінің дамуына өз үлесін қосатын халықаралық бір қор университетін ашу қазақ халқының саяси және экономикалық дербестігін алғашқы болып таныған Түркия Республикасынндағы бауырлар үшін байырғы бабалар ұрпағына арналған өте маңызды қызмет болып табылады.

Қазақстан басшылығының арнайы шақыртуымен келген бір топ Түркияның зиялы қауымы және іскер адамдары тарихи отандағы танымал тұлғалармен бірігіп, «Орта Азия мәдениет қоры» қоғамдық бірлестігін ұйымдастырып, 16 жыл бұрын оның жанында «Шет тілдер және іскерлік карьера университетін» (ШТІКУ) ашқан болатын. Бұл жоғары оқу орны өткен уақыт аралығында «Сапалы ғылым-білім, саналы тәрбие беру» символы және« Жарқын болашаққа қол жеткізер білім ордасы» ұранымен әлемнің жүзден астам жетекші университеттерімен серіктестік келісім шарты негізінде ортақ уағдаластыққа қол жеткізді.
Түрлі салалардағы көп жақты шаралар өткізе отырып, бәсекеге түсе алатын ұлттық жоғары білім беру жүйесінің жаңа флагманын құру жөнінде маңызды қадамдар жасалды. Қазақстандағы жалғыз ғана қор университеті болып табылатын ШТІКУ, ПОҚ, ғылыми қызметкерлер және әкімшілік қызметкерлердің қажырлы және жан-жақты еңбегінің арқасында еліміздегі жоғары оқу орындары арасында, 2009, 2010, 2012 жылдарында, өзгеше профильі ішінде 8, 10, 12 және 33-ші орындарда болуға қол жеткізді.
2500 шамасындағы студентке гранттар бөлу, 5700 студентке 5-50 пайыз жеңілдіктер беру, білім алушылармен білім берушілерге және әкімшілік қызметкерлерге түрлі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы «Қазақстандағы қоғамдық желіде әлеуметтік оқу орны» атағымен танылды. Университетың тағылымды тарихында туыс және дос өлке Түркиядан табылған инновациямен студенттердің заманауи талаптары мен стандарттарға сәйкес білім алуын қамтамасыз ету мақсатымен жаңа оқу корпустарын салып, тиісті заманауи жабдықтармен жабдықтады.
Оқулықтар, аудиториялар, әлеуметтік-мәдени орталықтар (кітапхана, жатақхана, асхана, мұражай, студия және тағы да басқа мүмкіндіктер) орталықтар және ғылыми-зерттеу институттарымен дамытты. 2004-2005 оқу жылында 285 студентпен оқыту жұмысын бастаған болса, қазіргі таңда 40 шамасындағы бакалавриат және магистратура білім беру бағдараламасы бойынша студенттердің жалпы саны 3 300-ге жетті. Осылайша, өркен жайып, ілгері дамыған ШТІКУ бүгінде «Сапалы тәлім, саналы тәрбие», «әділдік және тазалық» құндылықтары негізінде тәрбиелеп, қоғамдық тәрбиеге жіберген түлектер арқылы еліміздің материалды және рухани дамуына маңызды үлес қосып отыр.
Дипломды жас мамандардың бір шоғыры өз салаларында әлемнің танымал университеттерінде білім алуды одан әрі жалғастыруда. Университеттің еңбекқор оқытушы-профессор құрамында 14 шетелдік оқытушы бар. Он екі өлкеден 159 шетелдік студент білім алуда. Таңдаулы топ серіктес жоғары оқу орындарымен бірігіп іске асырылған 23-тен астам маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жоба, 25-тен артық халықаралық ғылыми-тәжірибелік шаралар, профессорлық-оқытушылар құрамының 75-тен артық оқулық шығаруды қолға алды.
Және оқу-әдістемелік құралын өзінің қаражатымен баспадан шығару, 500 төнірегіндегі білім алушыны шетелдік танымал жоғары оқу орындарында грантпен тағылымдамадан өткізу, ШТІКУ-дің ғылым-білімге қандай көңіл аударғанын көрсетеді. Беделді жоғары оқу орнын дамытудың 2026 жылға дейінгі жаңа стратегиясы ұйымшыл ұжымның алдына сапалы білім беру, техникалық, әлеуметтік, экономикалық салаларда даму, академиялық-әкімшілік құрылымдарын жаңарту, оқу бағдарламаларын және ғылыми жобаларын жаңғыру міндеттерін қойып отыр.
Олардың табысты іске асырылуы оқу орнына еліміздің сапалы да ірі университеттердің қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Институционалды аккредитация, халықаралық СМК нәтижесінде ШТІКУ халықаралық деңгейде танымал болуға септігін тигізетін ЖОО-ның негізгі рейтингісіне кіреді. Кемінде екі шет тілін меңгеріп шыққан түлектермен оқу жылында әлемдегі серіктес жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлық қарсаңында жарты жыл немесе бір оқу жылы мезгілінде білім алуға және тіл үйренуге аттанған студенттер ғылыми, мәдени және кәсиби тәжірибе алады әрі университеттің атын елімізде және шетелде шығаруға үлес қосуда.
Сонымен қатар, алдағы бес жылда техникалық базаны кеңейту, оқу ғимараттар санын 5-ке, студенттер санын 5 мың 500-ге дейін көбейту жоспарланып отыр. Олардың он пайызы шетелдік студенттерден тұрмақ, білім беру тілдерінің 70 пайызында ағылшын топтары болады. Жаңашыл бағыттарға басымды беретін бұл шаралар мен қызметтер Орта Азияның жарық жұлдызы Қазақстанның дүниежүзілік ғылым-білім кеңістігіндегі орнын едәуір жақсартып, жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді арттыруға септігін тигізері даусыз.
ШТІКУ-бір қоғамдық қор университеті ретінде бектілген жарғылық құжатта атап көрсетілгендей саудамен, бизнеспен, яғни жемқорлықпен айналыспайды. Түскен пайданы университеттің материалды және рухани дамуына, академиялық және ғылыми қызметтердің сапалы болуына, ПОҚ, кәсіби білікті мамандар мен білім алушылардың әлеуметтік-экономиқалық және мәдени жағдайларын жақсартуға жұмсайды. 2010-2011 оқу жылында жанында асханасы бар жаңа жатақхана ашылды.
Оқу корпустарының маңайына орналасқан бұл әлеуметтік мекемелер заманауи қажетті құралдармен жабдықталып, үш жұлдызды қонақ үй сынды қызмет көрсетуде. Жатақхананы және тұрғындардың бөлмелерін толығымен еден жуушылар, сантехниктер тазалап, қарайды, қоқысын тастайды, кірлерін жуып үтіктеп береді. Студент жастар барлығы дайын жайлы орынға жеке заттарымен келіп, алаңсыз білім алуына толық мүмкіндік жасалған. Интернет, денсаулык сақтау, кітапхана, буфет, спорт қызметтерін ақысыз пайдаланады.
Қыздар мен ерлер бөлек тұратын жатақханаға кіріп-шығу белгілі тәртіп бойынша жүзеге қатаң жүзеге асырылатындықтан бөгде адамдардың ретсіз мазалауына рұқсат жоқ. Жатақханада тек қана білім алушылар мен жас оқытушылар тұрады және айына 7500 ақы төлейді. Кешкі сағат 10.30-дан кейін жатақханаға сырттан адам кіруге болмайды. Толық жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі жандар және баска әлеуметтік жағдаймен тіркелген тұрғындарға арнайы мүмкіндіктер қарастырылған. Асхана және тамақтану қызметтері туралы айтқанда студенттерге күніне үш мезгіл ыстық тамақ беретін тек кана біздің университет екендігін мақтан тұту мәртебе.
Жатақхана тұрғындары мен студенттер, окытушыларға қоса әкімшілік қызметкерлер өте арзан бағамен (900 теңге) үйлеріндегідей үш мезгіл ыстық ас ішеді. Таңғы асы 200 теңге, түскі ас (сорпа, екінші ас, салат немесе фрутка, нан және шай: барлығы) 350 теңге. Кешкі ас (сорпа, екінші тамақ, салат немесе жеміс, нан және шай) барлығы 350 тенге. Ыдыстарды жуу міндеті әдеттегіше асхана қызметкерлерінің жауапкершілігінде. Әрине, бұл жайлы жағдайлар мен мол мүмкіндіктің бәрі бірегей қор университеті болған ШТІКУ-дің қамқорлығының арқасы.
Жатақханада тұру ақысы мен асханадағы тамақтардың бағасы ел экономикасында 10-50 пайыз девальвация және үлкен инфляция болса да, 2011 жылдан бері еш өзгермеген күйінде бұрынғы қалпын сақтады. Міне біздің университеттің өзіндік дара ерекшелігі мен жастарға көрсетілген қолдау мен қамқорлықтың нақты әрі айқын дәлелі осындай. ШТІКУ әрдайым жарғылық құжаттың негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық үдерісі бойынша студенттер мен магистранттардың тұрмыстық жағдайларын ескеру арқылы оқу ақысын анықтауға құқығы бар.
Бұл ретте тиісті салалық министрліктер тарапынан белгілеген ең аз мөлшерді негізге алады. 2021-2022 оқу жылында ақылы негізде білім алудың төлем құны барлық жоғары оқу орындарында 700-950 мың теңгеге көтерілсе, ШТІКУ-да ең жоғары мөлшер 495-500 мың тенгеден асқан жоқ. Магистратурада оқитындар үшін төламақы 500-600 мың теңге төңірегінде. Осыған қоса, білім алушы айына көп дегенде 49 мың теңге төлеу арқылы оқиды, яғни оқу ақысын 10 айға бөліп төлей алады. Толық жетімдерге, анасы жоқ жетімдерге, көп балалы отбасыдан шыққан студенттерге, ауыл мекетебі түлегіне, үздік пен мектеп бітіргендерге 5-15 пайыз жеңілдіктер беріледі.
Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында 80 және одан жоғары балл жинаған түлектерге 10-25 пайыз жеңілдік ұсынылады. Ал, 85 және одан жоғары баллдық нәтижеге қол жеткізгендер мен мектепті үздік бітіргендер 1,2,3 курстарды 4-5-ке оқыса, бақылауларда 3 және одан төмен балл алмаса, дәрістерге қатысу үлгерімі 75 пайыздан төмен болмаса төрт жылдық оқудың 3 жылы үшін ғана ақы төлейді. Демек, ол соңғы курста тегін білім алуға қақысы бар. Осыған қоса, 2021-2022 оқу жылында шетел тілі емтиханынан алған балы 85 және одан жоғары болған магистер 2 жыл оқиды.
Бір жарым жылын төлейді. Яғни 2021-2022 оқу жылына оқу ақысын толық төлейді, екінші курстын бірінші жарты жылына төлейді, келесі алты айда тегін оқуға мүмкіндігі бар. Бірақ сабаққа қатысу үлгерімі жетпіс пайыздан төмен болмау қажет және үздік бағамен білім алуы керек. ШТІКУ-де оқу төлемақысын жоғарылату әзірге күн тәртібімізде қаралатын маңызды мәселелердің алдағы жоспарында жоқ. Бірінші курстағы оқу төлем ақысы оқу аяқталғанға дейін жарамды болатындықтан қосымша үстеме алынбайды. Біздің жоғары оқу орнында бұрыннан бар дәстүрге сәйкес студенттерден әр түрлі мақсатта ақша жинаудың жаман әдеті қалыптаспаған.
Пара алу жоқ, яғни сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. 2021-2022 оқу жылында ректор атынан арнайы 139 грант бөлінді. Бұл мүмкіндікті иелену үшін таңдаған білім беру бағдарламасында ең жоғары балл жинау қажет. Екіншіден осы білім беру бағдарламасында топ болу (шет тілдерінде кем дегенде 17 студент, басқа білім беру бағдарламаларында кем дегенде 20 студент болу) керек. Үздікпен оқыған студент грантын төрт жыл бойы жоғары деңгейде сақтап қалуы тиіс. Емтиханда 3 және одан төмен балл алған студент гранттан айырылады да оның орнына сол топта үздік бағаларымен дараланған басқа білімгер өтеді.
Сабри ХИЗМЕТЛИ,
Шет тілдер және іскерлік карьера
университетінің ректоры