Танымал таланттың театрына талаптылар тартылады

Облыс орталығындағы оқушылар сарайының қолдауымен танымал актриса, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, дарынды аудармашы Эльмира Мақашеваның «Мақашева театрын» ашу жөніндегі ұсыныс талқыланды, – деп хабарлайды Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі. Оқушылар сарайында театр ашудың мақсаты – театр әлеміне қызығушылық танытқан өнерлі өрендердің актерлік қабілеттерін сынап көруіне мүмкіндік беру, әр баланың шығармашылық iзденiciне серпiлiс сыйлау.

Жиын барысында Оқушылар сарайының директоры Шолпан Сисенова театр өнерінде отыз жылдық тәжірибесі бар Эльмира Мақашеваға ұсынысты қабыл алғанына алғысын білдіре отырып,  театр мамандары жан-жақты қолдайтынына сенiм білдірді. Сонымен қатар Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры Нұржан Тасболатов, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының негізін қалаушы ҚР мәдениет саласының үздігі, әнші-композитор, актер Мұсағали Бектенов, Қазақстан Суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы, «Үздік шығармашылығы үшін» алтын медалiнiң иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі Қайыр Оразғалиев, халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Жансая Мусина, қалалық мәдени-ағарту бiрлестiгiнің «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының көркемдік жетекшісі Әсемгүл Төлепберген сәттілік тілеп, қолдау  көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Жаңа театрдың алдағы қыркүйек айында жұмысын бастайтындығы жоспарланған. «Мақашеваның театрына» әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдер қабылданады. Айта кетейік, Эльмира Мақашева  «Театр қайраткерлері» Одағының БҚО Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры бөлімшесінің жетекшісi, Қырғыз Республикасының «Jeti Oguz жұлдыздары – 2019» IV халықаралық конкурс-фестивалінің «Актерлік шеберлік» номинациясының Гран-При иегері, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, аудармашы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий