Шетелде кадрлар даярлаудың маңызы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылып, бұл басқосуға басқа да жауапты тұлғалармен бірге еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те қатысты, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша биылдан бастап 500 қазақстандық ғалым мемлекет есебінен шетелде тағылымдамадан өтетін болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты барша отандастарымызға арнаған кезекті Жолдауында озық ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында бес жүз ғалымның әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында жыл сайын тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі.

Мемлекеттік хатшы жиындаы ашқан сөзінде бүгінде түрлі сала мамандарына өздерінің кәсіби білімдерін жаңартуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді оқытудың немесе тағылымдаманың маңыздылығы артып келе жатқанын айрықша тоқталды. Бұған «Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлер арасындағы үлкен бәсекелік байқау нақты дәлел. Осыған байланысты халықаралық бағдарлама шеңберінде ғалымдар үшін тағылымдамалардың арнайы санаты бекітілді. Комиссия отырыс барысында келесі санаттар бойынша тағылымдамаларды бекітті: ғалымдар, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер, инженерлік-техникалық қызметкерлер.

Еліміздің бас педагогының мәлімдеуінше тағылымдама санаттарының тізімін қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардан келіп түскен өтінімдер негізінде нарықтың нақты қажеттілігіне талдау жүргізілген. Жалғасып жатқан пандемия жағдайындағы жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, ғылыми, медициналық және инженерлік-техникалық қызметкерлердің тағылымдамаларына басымдық беріледі. Қырымбек Елеуұлы басқосу қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың тетіктерін одан әрі жетілдіру және оның тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар құзырлы орындарға кезекті тапсырма берді. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий