Қ.Сәтбаев университетінің ректорлығына Мейрам Бегентаев тағайындалды

Алматыдағы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы университеттің ұжымына жаңа ректорды таныстыру рәсімі болды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ұйымдастырылған рспубликалық байқау комиссиясының шешімінің негізінде еліміздегі ең ежелгі техникалық университеттің ректоры лауазымына Мейрам Бегентаев тағайындалды.

 

Таныстыру жиынына Сәтбаев Университетінің ректоры міндетін уақытша атқарушы Амандық Тулешов, Басқарма аппаратының жетекшісі Бақыт Жәутіков, Ғылым және инновация жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Асқар Сыздықов, ректордың кеңесшісі Ұлықпан Сыдықов, университеттің институттары мен департамент директорлары қатысты. Осы жиынға қашықтан онлайн форматта қатысқан ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұхтар Мирасұлы Дауленов  жаңа ректорды университет ұжымына таныстыра келе:

— Ректор міндетін уақытша атқарған Амандық Қуатұлына зор алғыс айтамын. Ол аз ғана уақыт ішінде университеттің дамуына мол үлес қосқаны сөзсіз. Сондай-ақ Мейрам Мұхаметрахимұлына жаңа лауазымда сәттілік тілеймін, – деді ол құттықтау лебізінде. – Сәтбаев Университетінің ректоры болу мен үшін үлкен мақтаныш және үлкен жауапкершілік. Маған көрсетілген үлкен сенім үшін зор алғыс айтамын және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда әріптестерімнің достық көмегіне сенемін, – деді өзінің сөінде Мейрам Бегентаев.

Мейрам Мұхаметрахимұлы еліміздің мемлекет және саяси қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымдағы депутаты. 2001 жылдан бастап ол жоғары білім беру жүйесінде бірқатар басшылық қызметтер атқарды; Павлодар қалалық мәслихатының III-IV шақырылымдарының депутаты. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен (2005), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2008). Соңғы екі жылда ол Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий