ЕҰУ мен Mәскеу мемлекеттік тамақ өнеркәсібі университеті меморандумға қол қойды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. мен Мәскеу мемлекеттік тамақ өнеркәсібі университеті өзара ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Құжатқа «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов және Мәскеу мемлекеттік тамақ өнеркәсібі университетінің ректорыМихаил Балыхин қол қойды. Іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ делегациясының 2021 жылғы 19 сәуірде Мәскеуге барған сапары аясында жүзеге асып отыр.

Екі жақты келісім жоғары білікті мамандарды даярлаудың тиімді жүйесін ілгерілетуге, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және білім беру жобалары мен бағдарламаларын іске асыруға бағытталған. Тараптар уағдаластық шеңберінде заманауи білім беру технологияларын ұйымдастыру мен пайдаланудың озық тәжірибесімен алмасып, стратегиялық ынтымақтастықты дамытатын болады. Сондай-ақ бірлескен семинарлар, ғылыми-әдістемелік конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізуді көздейді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий