Үздік жас биологтар сырбойылық NIS-те оқиды
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Жас биолог» республикалық ғылыми-танымдық сайыста «Ең үздік топ» атағын жеңіп алды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Арайлым Әшірмет, Баймырза Әбдірәсіл, Нұрай Бақытжанқызы, Бекжан Бектұрған және Бегім Қуанышбек бір жыл бойы «Биолог» анықтамалығының ұсынған тапсырмаларын белсенді орындады. Ал қорытынды топтар сайысында жас өрендер ұсынылған сұрақтардың барлығына нақты әрі дұрыс жауап бере отырып, жоғары академиялық білімдерімен және танымдық қабілеттерімен ерекшеленіп, жеңіске жетті.
