Әлихан Бөкейхановтың тәуелсіздік пен ұлтжандылық ұстанымдары

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абылай аңсаған азаттық» мақаласында: «Мемлекет тарихын, даңқты бабалары жүріп өткен жолдың бұралаңы мен бұлтарысын, қилы кезеңдері мен тағдырлы шешімдерін, ақтаңдақ беттері мен дара тұлғаларының қайраткерлік өнегесін біліп өскен ұрпақ қана өзіне тиесілі замана жүгін діттеген межесіне абыроймен жеткізе алады. Ол үшін біз ұрпақ алдындағы өз міндетімізді толық атқарып, жастардың ой-санасының дұрыс қалыптасуына барынша жағдай жасауымыз қажет», – деп атап өткен болатын.

Еліміздің тарихында, тәуелсіздік пен азаттық жолындағы күресте айтылатын ұлы есімдер көп, шоқжұлдызы биік тұлғалардың бірі Әлихан Бөкейханов. Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейхановтың қазақ ұлты үшін орны бөлек. Бала кезінен ол өз құрбыларынан мүлдем өзгеше болды, оған әділеттілік пен адалдық, өтірік пен өтірікке төзбеу сияқты қасиеттер тән болды. Алдымен ол Қарқаралы медресесінде сауат ашты, содан кейін орыс-қазақ училищесінде, содан Омбы техникумына түседі, онда Сібір теміржолына қажетті мамандар даярлайтын.

1890-1894 жылдары Әлихан Бөкейханов Санкт-Петербургтің императорлық орман шаруашылығы институтында оқыды, орманшы-экономист мамандығын алды, оны бітіргеннен кейін Омбы қаласына оралды. Ә.Бөкейханов – белгілі ағартушы, өз ұлтының ұлы ұстазы және Ұлы Даланың адал перзенті. Ол 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. 

Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономиясының құрылтайына қатысады. Құрылтайдан оралғаннан кейән Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан тұңғыш төрағасы болып сайланады.

Алаш  – қазақтың саяси элитасы Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы. Олардың ең басты мақсаты қазаққа қызмет ету болды. Ә.Бөкейхановтың көзқарастарындағы тәуелсіздік пен патриотизм ұстанымдарын бейнелейтін мәлімдемелерін келтірейік. Хан ұрпақтарының қазақтар алдында тұрақты борышы бар, мен өмір сүргенше қазақтарға қызмет етуді тоқтатпаймын. Біздің ойымызша, мәлімдемедагі ұстанымның негізінде өзінің тегін есепке келтірген, яғни Қазақ хандығында мемлекеттің хан-билеушілерін сайланғандағы сұлтандар өз халқына және халықтың игілігі үшін қызмет етуі керек деп болжайды.

Бостандыққа жетелейтін жалғыз жол – бейбітшілік пен ынтымақ. Жаһандық әлем біздің көз алдымызда түрлі өзгеріске ұшырап жатыр, қазір мүлдем жаңа, өзгермелі тарихи дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Өзгермелі ортадағы тұрақты негізгі құндылық – бұл қоғамның бірлігі және ұлтаралық келісім – болашақ әлемдегі бәсекеге қабілеттілігімізді айқындайтын осы маңызды фактор. Егер қазақтар бірігіп, бірлесе әрекет етсе, халықтың мақсаты сонда ғана орындалады. Қазіргі таңдағы қоғамның өркендеуі мен тәуелсіздігі үшін халықтың бірлігі өте маңызды, оны біртұтас ұлтқа, яғни қазақ халқына – «Мәңгілік елге» біріктіруді сипаттайды.

Бірлігін жоғалтқан халық адасады. Егер мемлекет ішіндегі халық арасында бірлік болмаса, бұл мемлекет ішіндегі қақтығыстарға, келіспеушіліктерге алып келуі мұмкін, ал ол өз алдына халықаралық аренада мемлекеттің алатын орнын әлсіретуі мүмкін. Егер біздің халқымыз бостандық, теңдік және бауырластық саясатының шын мәніндегі маңызын түсінбесе, олар тарих шегінде қалады. Қазақстанның заманауи саясаты, «Нұр-Отан» партиясының бағдарламасындағы негізгі тармақтардың бірі және бүгінгі күндегі көптеген саяси ұстанымдар осыған негізделеді.

Төменнен бастап, ауылдардан бастап, қазіргі жоғарғы әкімшілік бірлікке дейінгі өзін-өзі басқару. Барлығы таңдамалы болуы керек, барлығы халықтың рұқсатын алуы керек. Әйтпесе, бірде-бір мекеме өзінің жұмыс істеуін ақтай алмайды. Биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық, ол жақсылыққа қызмет етуі керек билікті өзі таңдайды. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен бауырластық байланыстарды күшейту қажет. Жаһандану кезеңінде біз барлық мемлекеттермен бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіміз керек.

Байлық түбі – ақыл һәм шеберлік. Ә.Бөкейханов халықтың болашақта жетістікке жететініне көз жеткізді және толықтай сенді. Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой. Барлық заңдар адамның игілігі үшін жасалған. Жиырмасыншы ғасыр – өркениет бәсе­келестігінің заманы. Табысқа қол жеткізу үшін бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Жаңа технологиялар мен инновацияларды игеріп, қызметімізде толық, тиімді пайдалануымыз қажет.

Біздің алдымызда маңызды міндеттер тұр: олар үшін бізге болашақ ұрпақ алғыс айтатын болады немесе не қарғыс айтатын болады. Соны ойла, қазағым. Сіз болашақта ұрпақ алдында ұят болмайтындай өмір сүруіміз керек. Алаш зиялыларының идеялары қазіргі кезде қазақ тарихындағы күрделі және өзекті мәселе болып табылады. Өткен дәуірдің басында лайықты бағасын ала алмаған идеялар қазақ қоғамында ұлттық ояну санасының қалыптасуының өзіндік индикаторына айналды.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «… Алаш зиялылары – бұл біз үшін ұлы атаулар, тұлғалар мен ұлт мәселелерін көтеретін мәңгілік құндылықтар» Әлихан Бөкейханов Алаштың нағыз көсеміне айналды және болашақ ұлт көшбасшысының жеке моделі мен имиджінің үлгісі ретінде мәңгі қалады. Алаш автономиясы, Алаш партиясының идеялары іске асырылуына мүмкіндік болмады, сондықтан тәуелсіз еліміздің ұрпағы Ұлы Дала арыстарының арманын бағалауымыз керек.

Осы бағытта ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына байланысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің Экономика кафедрасының эдвайзерлері студенттермен бірлесіп кураторлық сағаттар мен дөңгелек үстелдер, викториналар мен вебинарлар ұйымдастыруда. Біз өткен тарихымызды, Алаш зиялыларының әлеуметтік ойлары мен рухани тәжірибесінің лайықты мұраларын зерттеп, жете меңгеруіміз керек, Алашорданың, арыстарымыздың тарихын жақсы білуіміз керек.

Бұл жұмысымызда өткен ғасырдың басында өмір сүрген Әлихан Бөкейхановтың тәуелсіздік пен патриотизм идеяларын және олардың қазіргі жаңа ғасырдағы өзектілігін талдауға тырыстық. Қарастырылған мәлімдемелер біз үшін және болашақ ұрпақ үшін тәрбие мен білім көзі ретінде қабылдануы мүмкін, яғни кез-келген ұлттың туы оның интеллигенциясы болып табылады. Бүгінгі таңда егемен Қазақстанға өз халқының тарихи тамырларына, мәдени дәстүрлеріне оралу қажет. Мұның жолдарының бірі – Ә.Бөкейханов пен оның серіктерінің ең бай мұрасын терең және жан-жақты зерттеу.

Гүлмира Кенжеғалиқызы АНДАБАЕВА,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің доценті, э.ғ.к,
Әсем Ермекқызы КАЛИЕВА,
доцент, PhD

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий