Онлайн сайыс: Поэзия жәрмеңкесі

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», – деген дана сөз бар қазақ халқында. Ұлтымыздың алғашқы ағартушы ұстазы, дала жұлдызы атанған этнограф ғалым Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай біздің білім ордасындағы кітапханашылардың бастамасымен поэзия жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттырумен бірге жұмыс дағдысын қалыптастыру мақсатын көздеген бұл онлайн сайысқа төртінші сынып оқушылары белене қатысты. Ыбырай Алтынсариннің әртүрлі тақырыптағы туындыларын оқу арқылы түсінген мазмұнын қызу талқыға салған шәкірттер өлеңдерін ата-аналарымен қосыла жатқа айтты.

Поэзия сағатына құрметті қонақ ретінде шақырылған қалалық педагог қызметкерлердің біліктігін арттыру институтының бас маманы Назерке Алимбайқызы Қарабалаева, балалар мен жасөспірімдердің республикалық «Ұлан» газетінің бас редакторы Жадыра Нармаханова, аудандық кітапхананың әдіскері  Бибигуль Хайруллақызы Кенебаева бақ сынаған үміткерлердің шығармашылық қарымы мен қабілетіне бағаларын беріп, бағалы бастаманы қолдаған баршаға алғыстарын жеткізді.  

Баян УМАРОВА,
№ 156 ЖББМ кітапхана меңгерушісі,
Ш. КУНТУГАНОВА,
кітапханашы, Алматы қаласы, Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий