Экологтар оқушылардың сұрақтарына жауап береді

Сәуір айының 26-30 күндері аралығында еліміздегі мектептерде «Біз болашаққа жауаптымыз» экологиялық білім берудің жалпы республикалық апталығы қашықтан ұйымдастырылатын болады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бір апта бойы экологтар, экология мәселелерін көтеріп жүрген қоғам қайраткерлері оқушыларға онлайн-дәрістер оқиды және олардың сұрақтарына жауап береді. Экологтар экологиялық мәдениет, адамның табиғатпен өзара байланысы туралы баяндайды, қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді. Бастауыш сынып оқушылары үшін сурет және тастанды материалдан жасалған бұйымдар байқаулары, тақырыптық викториналар ұйымдастырылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий