Таза Weekend: Елордалық әкелер кеңесі экологиялық десант ұйымдастырды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы елордалық әкелер кеңесінің қолдауымен «Таза Weekend» экологиялық десант жобасын жүзеге асырды. Бұл шараның мақсаты – тұрғындарды қала көшелеріндегі тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, – деп хабарлайды осы қосымша білім беру ұйымының баспасөз қызметі.

«Таза Weekend» экологиялық десантына 57 елордалық білім мекемелерінен бес жүзден астам әкелер мен ер балалалар қатысты: #2 МГ, #3 МГ, #4 МГ, #7 МГ, #8 МЛ, #13 ОМ, #15 МЛ, #16 ОМ, #19 ОМ, #22 МГ, #25ОМ, #27 МЛ, #28 МЛ, ОМ#29, #30 МГ, #31 МГ, ШК #33, ОМ #34, #37 МЛ, #38 МЛ, #40 МЛ, #41ОМ, #42 ОМ, #43 ОМ, #44 ОМ, #45 ОМ, #47 МГ, #50МЛ, #51 МГ, #53 МЛ, ОМ #55, #58 МГ, #59 МЛ, #60 МЛ, #89 МГ, #62МЛ, #63 МГ, #64 МЛ, #66 МЛ, #67 МГ, #68 МГ, #71 МЛ, #73 МЛ, #74 МГ, #77МГ, #79 МЛ, #80 МГ, #81 МГ, #82 МЛ, #85 МЛ, #86 МГ, #87 МГ, #88 МГ, #90 МГ, #49 ОМ, #48 МЛ, #56 МЛ.
Қалалық экологиялық десант 32 аула алаңдарын, 24 мектеп аумақтары мен 11 саябақ алаңдарын қамтыды. Әкелер мен ер балалар қауымы осы аталған нысандарды қар қалдықтары мен қоқыстан тазартып, әктеу жұмыстарын жүргізді. Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайына қарасты елордалық әкелер кеңесі осы эстафетаны Петропавловск қаласының “DIGITAL URPAQ” Оқушылар сарайына жолдайды. Мемлекетіміздің барлық еріктілерін осы жобаны қолдауға шақырамыз! Өз ауламызға, өз қаламыз бен мемлекетімізге пайдалы істі бірге жасайық.
