ЕҰУ: “DalaSazy” домбырашылар оркестрі бас жүлде иеленді
Еуразия ұлттық университетінің «Dala Sazy» домбырашылар оркестрі «Z-Group» ұйымдастырған халықаралық «Viva la music» вокалды-аспаптық өнер байқауында Бас жүлдені иеленді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Пандемияға байланысты онлайн форматта өткен байқауға алыс-жақын шет елдерден жиырмаға жуық шығармашылық ұжымы қатысып, бақ сынады. Онлайн сайыс биыл бір-ақ кезеңнен тұрды. Байқаудың шартына сай әр ұжым бес минуттан аспайтын видео түсіріп, қазылар алқасын өз өнерімен таныстыруы қажет. ЕҰУ студенттері Ардақ Тәңірбергеннің «Аңшы» шығармасын орындап, бас жүлдені қанжығаларына байлады.
Загрузка...«Біздің бұл жеңісіміз – Елбасы негізін қалаған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ширек ғасырлық мерейтойына арнаған тартуымыз», – дейді «DalaSazy» домбырашылар оркестрінің мүшелері. Университетімізге тағы бір Бас жүлде сыйлаған оркестр ұжымы мен оның жетекшісі Биғожин Рысдәулетті кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жарайсыңдар, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жалынды жастар!