Туризм: Геология мен экология бағытының мәні

Өлкеміздің батысындағы Маңғыстау төрінде мыңдаған түлектерін самғатқан Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниинг университеті  қызмет етуде. Еліміздің біртуар ерлерінің бірі, әрі ұлы геолог – қазақ металлогениясының атасы Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың ізбасары – Шахмардан Есенов.

Ұлан байтақ еліміздің батысында орналасқан Маңғыстау түбегінде өңірін мұнайлы кенорындарды ашуда басы-қасында болып, министр ретінде тікелей бақылауында ұстаған да осы Шахмардан Есенов атамыз еді. Сол кезде Шахаң Геология министрі және жасы бар болғаны  отыз үш жаста болатын. Ол бөлек әңгіме. Университет мамандықтарының ішінде «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», «Экология» мамандықтары да бар. Аталмыш мамандықтар бойынша жүздеген түлектер өмірге жолама алып, өндірісте және ғылыми институттарда өз орындарын тапты. 

Мамандықтар кең профильді екені, көп салалылығы бәрімізге аян және білім беру бағдарламалары жаңартылып білім алушылар үшін бар мүмкіндікті қарастырып, қолайландыруы арқасында студентерде жаңа мүмкіндіктер пайда болуда. Маңғыстау өлкесі мұнай және газ кенорындары көп шоғырланған аймақ, сонымен бірге аспан асты мұражайы деп айтсақ артық емес. Көптеген көне мәдени ескерткіштердің болуымен қатар аймақта ерекше геоморфологиялық ерекшеліктерге бай табиғат ескеркіштері, геологиялық ескерткіштер өте көп.

Себебі, Маңғыстау ежелгі Тетис мұхиты бассейнінде орналасқан.  Содан болар Солтүстік Бозашы – Үстүрттен  Оңтүстік Маңғышлаққа дейін созылып, Каспий теңізімен шектелген Маңғыстау өңірі пішіні әр алуан табиғи ескерткіштерге толы. Олардың геогиясы, пайда болуы, құрап тұрған тау жыныстары мен минералдары, әртүрлі палеонтологиялық қалдықтары ерекше зерттелуге лайық.

Олар: Бозжыра, Тұзбайыр, Кендірлі сорлары, Түйесу, Сенек құмдары, Бесшоқы Шерқала, Ақмыштау, Айрақты таулары,, Тамшалы, Саура, Түлкілі сай, Ағашты, Жаңайсай, Шегірқазы шатқалдары және басқалары. Айта берсек өте көп. Тәрбие шаралары шеңберінде студенттер жиі экскурсияларға шығады. Студенттер заман талабына сай жолға қойылып келе жатқан турзм саласында геологиядағы білімдерін қолданып, геологиялық туризмді дамытуды қолға алғылары келеді. Маңғыстау өлкесінде оған мүмкіндік көп екені айтылды.

Әйгілі Бозжыраға сапар шегіп барғанымызда топ студенттері таңданысын жасыра алмады, олар бірауыздан: «Туризмді геология және экологиямен ұштастырып дамыту керек, біз өзіміздің мамандығымызды жаңа қырынан таныдық. Болашақта осы әдемі жерлерді барлық қазақ елі және шетелдік туристер көрсе екен. Біз осы нысандардың геологиялық құрылысын, пайда болу жағдайларын және геологиялық жасы туралы әңгімелейміз» десті олар.

Студенттердің сұрауымен координаторлар жаңа білім бағдарламасында мамандандырулар тармағына осы геологиялық және экологиялық туризм салаларын да қосты. Алдағы уақытта түлектер туризм саласына өз білімдерімен үлес қоспақ, дамытпақ. Келіңіздер, біздің өлкеге, біздің унверситетке, шақырамыз!

Гульбану Измухановна ЖИЕНБАЕВА,
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар
және инжиниринг университетінің аға
оқытушысы, Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий