Өнегелі өмір белестері      

Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы, – дейді Абайды әлемге танытқан заңғар жазушы Мұхтар Әуезов. Бүгінгі заман талабы бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие маман даярлау екенін білеміз. Еліміздің экономикасында технологиялық жаңғырту жағдайында белсенді азаматтық ұстаныммен еңбек етіп жүрген кәсіби білім  беруде өзіндік тәжірибесімен ерекшеленетін Шыныбаев Далелхан Абдымадиевич бүгінгі жастарға үлгі боларлық ұлағатты тұлға.

Шыныбаев Далелхан Абдымадиевич Шелек ауылының тумасы. Ата-анасының қызмет бабымен  1970 жылы Қаражота ауылына қоныс аударып, сол кездегі (Дмитриев) қазіргі  Б.Момышұлы атындағы орта мектебіне оқуға барып, 1980 жылы мектепті жақсы аяқтаған.  1981-1983 жылы Кеңес армиясы қатарында, Отан алдындағы борышын өтеді. Істеп көрген жан ғана кәсіпті игере алады.демекші,алғашқы еңбек жолын 1983-1985 жылдары «Қызыл жиде» қой совхозында механизатор болудан бастаған еді. Кіндік қаны тамған туған жерінің өркендеуіне өз үлесін қосты. «Қызыл жиде» қой совхозында шеберхана меңгерушісі болды

«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек”, – деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай 1985 жыл Еңбек Қызыл Ту Орденді ауыл шаруашылық институтына оқуға түсіп, «инженер-механик» мамандығы бойынша білім алған Далелхан 1990 жылы осы мамандық бойынша институтты ойдағыдай аяқтады. Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі екені рас. 1997-2008 жылдар аралығында «Бердіс» шаруа қожалығының төрағасы қызметін атқарды.

2008-2016 жылдар аралығында «ТОО ГРУП-4» мекемесінде басшы кызметте болды. Өмір белестерінде өзінің қарапайым адамгершілік қасиеттері арқылы  шығармашылық сатымен шеберлік шыңына көтерілген ол  бүгінде жастардың ақылшы ұстазы. 2016 жылдан бері Шелек политехникалық коллежінде оқу өндіріс шебері, аға шебер болып қызмет атқарып келеді. Далелхан Абдымадиевич өз ісіне адал, ұйымдастыру қабілеті жоғары, әріптестері арасында сыйлы азамат өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

Өзіне тапсырылған жұмыстарын тыңғылықты, нәтижелі орындайды, шеберлер арасында ашық сабақ, шебер сабақтарды  ұйымдастыруда аса ынтамен өзінің білімділігімен көзге түсіп келеді. Қазіргі заман талабына сай сабақтарын аса қызығушылықпен өткізеді, нәтижесінде білімгерлері әртүрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленді. Асқаралы тарихы бар колледжде кәсіби біілім алған  түлектер бүгінде өмірдің түкпір-түкпіріне қанат қағып, абыройлы еңбек етуде. Тәуелсіздік туы желбіреген азат еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде олардың бойында ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік әдептілік елін жерін сүйетін жаңа заманға сай, бәсекеге қабілетті кәсіби маман тәрбиелеуде өз үлесін қосып жүр.

Ол басқаларға үйретуден жалықпайды және мұны өзінің абыройлы міндетім деп біледі, бұл да әркімнің қолынан келе бермейтін қасиет. Отбасының ұйытқысына айналған жан жары Қазипа Б.Момышұлы атындағы орта мектепте физика информатика пәнінің мұғалімі. Жас ұрпақ тәрбиелеуде ерінбей еңбек етіп, жетістіктерге жетіп жүрген шәкірттеріне сыйлы тәжірибелі тәлімгер. Дәлелхан ағамыз Ырысалды, Алмасбек, Назым, Санжар атты балаларының ардақты әкесі. Қызы Ырысалды ана жолын қуып мұғалім болса,  ұлы Алмасбек әскери қызметкер, Назымы дәрігер, кенжесі Санжар мектептің озат оқушысы.

Мерей, Айзере, Бексұлтан, Алихан есімді немерелердің сүйікті атасы Далелхан Абдимадиевичтің өмірі өнегеге толы. Бүгінгі қашықтан оқыту кезеңінде жас буынның жігерін жанып, білімін шыңдауға, кәсіби дағды мен тәжірибесні ұштастырудың  маңызды мәселе екені белгілі. Қашықтан білім беру технологияларын ұтымды пайдалана білетін шебер заманауи сабақ арқылы өзінің кәсіби шеберлігін көрсете білді. Жастарға үйретуден жалықпайтын білімгерлерге тапсырмаларды қарапайым тілмен жеткізе білетін Далелхан Абдимадиевичке жемісті еңбегіңнің жетер баспалдақтары биік болып, мықты денсаулықпен, келешек кепілі – кәсіби білімге  қосар үлесіңіз көп  болсын демекпін!

Райхан Смағұлқызы КУЛБАЕВА,
Шелек политехникалық колледжінің
кітапханашысы, Алматы облысының
Еңбекшіқазақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий