Кәсіптік білім: Уақытпен үндескен ұтады

Қазақстан Республикасының болашағы зияткерлі тұлғаның заман талабына сай болып қана қоймай, озық дәрежеде болуына тікелей байланысты. Білім сапасының тұрақты түрде қарыштауына жүйелі қадам жасау республикамыздың әлемдік қауымдастықта лайықты орынға иеленіп, еліміздегі білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасындағы мақсаттардың іске асырылуына жол ашады.

Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі – бұл тарихы мен болашағы зор, қалыптасқан дәстүрі, шығармашыл ұжымы бар,  Қазақстанның білім беру жүйесіне кадрлар даярлайтын алдыңғы қатардағы даму үстіндегі  аймақтағы танымал тех­никалық оқу орны. Білім ордасы білім берудің қазіргі тенденциялары мен дәстүрлерін негізге ала отырып, бәсекеге қабілетті,  жоғары білікті және кәсіби, шығармашылық әлеуеті жоғары нағыз мамандарды дайындайды.  «Ата кәсіп – елге нәсіп», – деп дана халқымыз айтқандай, мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңа көзқараспен қарауына орай кәсіптік білім беру саласының мақсаты бәсекеге қабілетті маман дайындау болып отыр.

Қазіргі уақытта колледж ұжымы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының білім  беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген талаптарға сәйкес  мамандарды даярлауда білім сапасын көтеру мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізуде. Колледждің негізгі міндеті бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындайтын, оқудың  инновациялық технологияларын ұтымды пайдаланып, материалды-техникалық базаны уақтылы жаңартып, педагогтардың біліктілігін жүйелі жетілдіріп, білімгерлердің білім сапасын нәтижелі көтеріп, техникалық және кәсіптік білім кеністігінде алдыңғы қатардан орын алу болып табылады.

Осы игі мақсатты жүзеге асыру жолында колледжіміз жастарға кәсіби-техникалық білім, яғни заманауи кәсіби білім беріп, өз ісінің шеберлерін дайындауда. Қазіргі заман талабына сай өз мамандықтары бойынша машықтануды игерген жастарға сұраныс жоғары. Білім алушы жастарға колледжде мамандықтарын терең меңгеруі мен сапалы кәсіби білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқу орнында мамандықтар бойынша оқу кабинеттер мен шеберханалар толық жабдықталып,  соңғы үлгідегі станоктар орнатылған. Барлық құралдар қауіп­сіздік талаптарына жауап бе­реді.

Жаңадан ашылған мамандықтар үшін барлық материалдық-техникалық базасы толығымен жеткілікті. Колледждің оқу корпусы, зертханалары, оқу-өндірістік шеберханасы, оқу-жаттығу полигондары, дәне­кер­­леуші цехы, автодромы бар. Оқу процесін толық қамтамасыздандыру үшін интернет желісімен, мультимедиялық құрылғылар, соңғы үлгідегі моноблоктар, компьютерлер мен ноутбуктармен жабдықталған. Оқу дәрісханалары мен зертханаларға, компьютерлік сыныптарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Заман табадына сай шеберханаларда жоғары білімді оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрбір өтетін сабаққа жүйелі түрде дайындалып, сабақты инновациялық жаңа әдістерді пайдалана отырып өткізуі болашақ мамандық иелерін дайындауда оң нәтижелерін беруде. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және олар­дың жан-жақты дамуы мен сапалы кәсіп­тік даярлығы үшін жағдай жасау екені баршамызға белгілі.

Биылғы жылы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік жобаларды іске асырудың қадамдық жоспары жасалып, іске асырылуда. Қойылған міндеттерді шешу үшін Үкімет қаулысымен «Жас­тар – ел тірегі» ұлттық жоба­сының бір бөлігі саналатын «Жас маман» жобасы қабыл­данды. Бұл жаңа жобының артықшылығы – ең қажетті мамандықтарға басымдық берілуі. Яғни қазіргі сұраныстағы мамандықтарды сапалы етіп шығаруға күш жұмсау қажет. «Жас маман» жобасын іс­ке асыру қорытындысы бойынша біздің колледж еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін қажетті заманауи жабдықтармен жарақ­тандырылды.

Бұдан басқа құзыреттілік ор­талықтары жұмысын бастады. Колледжде мамандар даярлау еңбек нарығында сұра­нысқа ие құзыреттерді қалып­тастыруға бағытталғанын нық сеніммен айтуға болады. Ауқымды жоспарға сәйкес облысымыздағы 78 колледждің ішінен түрлі талапқа сай келетін он арнаулы оқу орны таңдап алынған болатын. Сол үздіктердің қатарына біздің колледжіміз «Жиһаз-жинақтаушы» мамандығы бойынша кірді. Бұл дегеніміз үлкен абырой мен мақтаныш. Аталған мамандық бойынша жаңа үлгідегі, заманауи шетелдік құрылғылар алынып, тағы да басқа керек жарақтармен жабдықталатын болады.

Сонымен қатар мамандықтар бойынша қосымша шеберхана салу, әлеуметтік серіктестермен жұмыс, колледжді бағалау, кадрларды даярлау бағдарламаларын жаңарту, ИПҚ оқыту, жабдықтарды орнату үшін колледждің инфрақұрылымын дайындау, электро монтаждау жұмыстарының құзыреттілік орталығы, полиграфиялық орталығы ашылып оқу үдерісін автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде білім мен біліктілік ұшталса ғана табысқа жетуге болатынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сапалы білім берумен қатар жастардың тәжірибеден өтуіне, оқу орындарының өндірістермен байланыс орнатуына мемлекет мұқият көңіл бөлуде.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Дуальды білім беру жүйесі – теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік беретін оқыту бағдарламасы.

Дуальдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктері мен дағдыларын, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің, білім, ғылым, өндірістің өзара байланысы мен әсерін, енгізілу тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыруда. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жүйесіне қызмет ететіннің барлығы – біздің еліміздің болашағына қызмет етеді. Дуальды білім беру жүйесі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналаса алуына кепілдік береді.

Демек, дуальды оқыту – кадрдың бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Біздің колледжде студенттері білім мен тәжірибені қатар ұштастырады. Дуальды оқыту бойынша жиһаз өндірісі, дәнекерлеу ісі мамандықтары бойынша әлеуметтік серіктестіктерімен келісім шарт жасалып, біршама студент қамтылған. Түлектердің жұмысқа орналасуы жоғарғы деңгейден көрінуде. Қаламыз бен облыстың шалғай орналасқан ауыл аймақтарынан көптеген студенттер оқып жатыр. Солардың 73 пайызы биылғы жылы жұмысқа орналасты. Яғни, біздің мамандар қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие.

Кешегі түлектер бүгінгі таңда жемісті еңбек етіп жатыр. Сондықтан оқу орынды тәмамдаған мамандар тек қана біздің өңір ғана емес, сонымен қатар еліміздің аумағында, тіпті шетелдерде кәсібі бойынша қызмет атқара алатындығына сенім мол. Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, кәсіптік білім беру орталығының техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының инженерлік-техникалық қызметкерлерін халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курсында өз білімдерін жетілдірді.

«Кәсіпқор» холдингінің рейтингі бойынша республика көлемінде қатысқан 328 оқу орнының ішінде колледж жетпісінші орында болса, облыстағы 78 колледждің ішінен алғашқы үштіктер қатарынан көрінді. Жаһандану заманыдағы білім беру жүйесінің жаңа талаптары бізді абдыратқан жоқ, себебі біз сапаны жетілдірудің келесі сатысына көшуге дайын едік. Бұл бағытта колледж институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтіп мемлекеттік лицензиясын алды. Облыс деңгейінде бірнеше мәрте сапалы білім ордасы екенін дәлелдеген, уақыт үдерісіне сай оқу орындарының ішінде ойып орын алатын беделі мен атағы бар колледжіміздің жетістіктері де бір төбе.

Колледж педагогтары мен білім алушылары халықаралық, республика, облыс көлемінде өтетін іс-шараларға, байқаулар мен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, мамандықтар бойынша көрмелерге, аймақтық «Worldskills» жарыстарына қатысып үнемі жүлделі орындарға ие болуда. Әлемде орын алған төтенше жағдай еліміздің білім беру жүйесіне айтарлықтай өзгерістер енгізгені белгілі. Тосыннан келген індетке байланысты білім ордалары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Қашықтан оқыту кезінде білім беруді жалғастыру үшін ұстаздарға жаңа дағдыларды меңгеруге тура келді.

Бүгінгі күні оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері «ZOOM», «Platonus» платформалары арқылы сабақ беруде. Басты міндетіміз – білім алушыларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтай отырып, сапалы білім мен тәрбие беру болып қала бермек. Оқу орнымыз мықты елдің  кадрлық әлеуеті  сенімді  болуы тиіс деген көзқарасты негізге ала отырып, болашаққа нық сеніммен қарайды. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік орта білім мемлекеттік стандарттарын басшылыққа ала отырып, кәсіби білім мен білім беруді тиімді жүргізіп, оқу–тәрбие процесін жандандырып, стратегиялық сипаттағы сұрақтарға жауап алып, білім сапасын барынша арттыратынымызға сенімдімін.

Әсет Қазыйұлы ЖҰМАДІЛОВ,
Талдықорған гуманитарлық техникалық
колледжінің директоры, ҚР Білім беру ісінің
құрметті қызметкері, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий