Алтынсарин идеясы: Тағылымды тәрбиенің қайнар көзі

Бүгінгі тұлғаның білімді болуы оның білімге, ғылымға деген ізденісінің нәтижесінде  туындайтын болса, сол нәтижеге жол сілтеу бүгінгі педагогтың міндеті. Ұлы кемеңгер Ы.Алтынсаринның білім жүйесін негізге ала отырып, бейімдеп, табысты мектеп жолында «Тағылым» сүлбесін әзірледім.  Бұл моделді жасауыма түрткі болған Ы.Алтынсарин идеялары, оқушылардың дарындылық деңгейі, бәсекелестікке қабілеттіктері.

Табысты ұстаз, табысты мұғалім, табысты мектеп болу үшін  қажетті құралдарды іздестірдім. Алтынсарин идеяларын насихаттап, жаңаша көзқараспен жұмыс жасап жатырмыз.  Ұлы педагогтың патриотизмді этноөңірлік бірегейлік, этномәдени бірегейлік, биологиялық құбылыс, рухани құбылыс, антропологиялық құбылыс деп  бөлуі тағылымды тәрбие көзіне жетелейді. Мектептің заманауи басшысы ретінде педагогтардың икемді дағдыларын қалыптастыру үшін жеке тұлғаның дамуына әріптестер арасындағы тиімді әрі ынтымсақтастық әрекеттің жақсаруына ықпал ету.

Әр педагог заманауи мектеп құрылымына өз идеясын жылжыта алатын тұлға ретінде танылып, әлеуметтік дағдысын жоғарылату. Ұжымда бір-бірімен байланыс орнатып,  өзгелердің пікірін тыңдап,  іс-тәжірибемен алмасуы, біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі мұғалімнің қызығушылықпен жұмыс істеуі және сыни ойлауларының қалыптасуына негіз болады. Педагогтар өз идеяларын бірлесе жұмыс жасауда, белсенділіктің, ынтымақтастықтың, қалыптасатыны, бірлескен еңбектің өнімі, беретін нәтижесінің мол екендігі көрініс тапты.

Өз елінің патриоты болу білім ошақтарында яғни мектептерден  бастау алатыны сөзсіз. Қоғам дамыған сайын, кемелдену мен қатар сұраныстың да артатыны анық. Жасыратыны жоқ мектептегі  педагогикалық ұжым да, білім алушылар үшін де көш озық болу, сандық технологиялар арқылы жаңа сапаға, жаңаша санаға ілгерілеуіміз қажет екенін көрсетіп отыр. Бұған бізді  бүгінде әлемдік тәжірибе дәлелді дәйегімен көз жеткізіп отыр. Озық дәстүрлерді, адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр.

Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Рухани байлықтың кемел болғаны бұл адамзат  үшін, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Алты бағыт бойынша осы тұрғыдан мектебіміздегі білім беру қағидаттары ағартушы ұстаз идеялары және жаңғыру бағдарламаларының үндестігін, жаңашыл үдеріс пен шешімдерді, елжанды ұрпақ тәрбиелеу жолында «Тағылым» моделі (сүлбесі) арқылы жұмыс жасап жатқан жүйені ұсынып отырмын.

Бәсекеге қабілетттілік – қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына  қажетті алғышарттар.Бәсекелік қабілет роботты ұялы телефонмен басқару әдісін және белгілі шеңберден кедергілерді тауып шыға­ру, сондай-ақ  роботтар арқылы түрлі жобалар жасау, смарт технологияларды еңсеру, жаңа инновациялық үйірмеміз балалар­дың шығармашылық қабілеттерін дамытуды, байланыс әдістерін жетілдіруді, ақпараттық сауаттылықты қалыптастырады.

«STEAM», «Робототехника», «Bilim Land», «Моноблокты» орталық, «Шұғыла» студиясы, «Алтын көпір» білім алушыар мен ұстаздармен сандық мультимедиялық қорларды сабақтарда ұтымды пайдалану жолдары ұсынылған. «Үш тілде білім беру», «Үш тілділік» бойынша да мектебімізде әр аптаның сәрсенбі күндері ағылшын бірлестігінің мұғалімдері мектеп мұғалімдеріне ағылшын тілін үйрету мақсатында курстар және клубтар жұмыс жасайды. Бұл әрине оқушылар мен әріптестерді жаңа ғасырдың талаптарына даярлаудың бастапқы қадамы.

Прагматизм – ағартушы идеяларына үңілсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Алайда ол үшін сананың тазалығы, ақылдың даналығы қажет. Сананың таза болып, ақылдың дара да сара болуы адамның білімділігіне байланысты.

Ал адамның білімді болуы, оны білімге ғылымға деген ізденісінің нәтижесінде туындайтын болса, сол нәтижеге жол сілтеу бүгінгі ұстаздың міндеті. Негізінде өрен жастың өсу жолындағы ең құдіретті күш-оқу,білім теру,іздену,ғылымды зерттеу. Ұлы кемеңгер, кемел ойдың иесі Ыбырай атамыздың айтқан үнемді болу, еріншек болмау, білімге ұмтылу, қабілетті болу, ізгілік қасиеттерді бойға сіңірту. Бұл бағыт бойынша «Экоша» экологиялық танымдық клубы, «Атамұра», «Адал ұрпақ» клубы, «БиблиоFest», «Салауаттылық» кешені, «Жерұйық» экологиялық зерттеу зертханасы өз жұмысын жандандырып келеді.

Ұлттық бірегейлік – салтпен дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс. Рухани идеология,  осы сүлбеде көрсетілген  рухани талаптарға сәйкес критерийлер жасап,қадамдар жасауы керек. Ұлттық код – рухани біліктілігіміз. Болашаққа қандай ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз? Ұлттық код дегеніміз – даналарымыз Әл- Фараби, Абай, Ыбырай, Жамбыл, Шоқан деп білеміз. Өйткені бұнда намыс, пәлсапа, ғылым мен білім жатыр.

Бұл ұлт ретіндегі біздің өзгешелігіміз. Ұлттық болмысты сақтай отыра, сипаттарымызды  өзгерту. Біздің қоғам және біз туралы пікірі. Осы бағытта «Сөнбес жұлдыздар», «Айбын» клубы, «Қамқорлық кеңесі», «Портреттік сағаттар, »«Толғау» өнер орталығы жалпы оқушыларда патриоттық сезімді  қалыптастыру, біріктіру. Бұл жерде кез-келген оқушы алтын ұя мектебін, кіндік қаны тамған туған жерімен біте қайнасу керек. Клуб, орталықтарға, мектебіне үлес қосу. Прагматизм тұрғыдан қарағанда қолынан келгенше көмек көрсету яғни осы білім ошағының түлегімін, ұстазымын деген сезім пайда болады.

Білімнің салтанат құруы – көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу біздің қанымызда бар қасиет. Білімнің салтанаты – мектеп ұжымындағы жалпыға ортақ басты мақсат болуға тиісті. Жақсы сапалы білім беру, мүмкіндігін арттыру арқылы  қоғамды тәрбиелеу, жаңа сапаға жетелеу. Болашақты ұрпақпен есептеуіміз керек. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.

Жаңартылған білім мазмұнында көзделгендей оқушыға серпіліс тудырту. Оқушы сұранысы, қоғам талабына сай болу. «Ұлағат», «Көшбасшылар», «Ізбасарлар», «Тірек мектебі». «Абайтану», «Ыбырайтану», «Ахметтану», «Бейімбеттану» курстары. Табысқа жетудің кілті – білімде екені сөзсіз. «Ыбырайтану» курсында ұлы кемеңгер еңбегін зерделеп, мультимедиялық- әдістемелік құрал, авторлық жұмыстар, оқушының лепбук сынды еңбегінен көруге болады.

Санаға ізгіліктің дәнін еккен Ыбырай Алтынсаринің білім жүйесінде әлі күні еш мәнін жоймаған адам баласының сан ғасырлық ақыл мен парасаттың жемісі кітап оқу – мектебімізде әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері оқушы қауым, барлық қызметкерлердің 15 минуттық әдебиеттік оқу жобасы 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Кітап оқу оқушыны, оқырманды зерделі ізашарларлыққа бастайтыны сөзсіз. Кітап оқитын бала бүгін  – табысты оқушы, ал ертең – қалыптасқан тұлға!

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы – тарихтың өткен тағылымдарына ден қоюымыз керек. Менің ойымша, тіл  ұлттың  аса ұлы  игілігі әрі оның өзіне тән ажырамас бөлігі. Ұлттық тәлім-тәрбиені іске асыратын ұлттық тіл екені даусыз. Жаңа кезең. Сенім мол. Эволюциялық жолмен жауап беру керек сияқты. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімді адамдар ғана табысқа жетеді. Оқушымен кері байланысқа түсу, бетбұрыс жасау.

Мектебіміздегі «Тағылым» жобасына сеніміміз мол. Жаңа ұрпаққа бағытталған білім, ғылым, өнерді ұштастырып өзінің тұлға екенін көрсету. Білімнен нәр алып, оқуға деген уәжі артуы керек. Бізде формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Жаңартылған білім мазмұны білімдегі сүбелі үлес. Ендеше  эволюциялық даму қағидасы әрбір оқушының жеке басының дербес бағдарына айналуы тиіс. Осы тұрғыдан ауқымды, дүниетанымдық, рухани жұмыстарымыз  «Цифрлы кітапхана» бар ресурстармен шектелмей одан әрі толықтыру, «Тұлға» жобасы арқылы руханижәне адамгершілік, зияткерліктің құзыреттілігін арттыру, «Адам ізі» тарихи географилық зерттеулер, мұражайлық қызмет, киелі жерлерге зерттеу жүргізеді.

Жаңа бағытты айқындау барысында сананы сәулендіреді, өркениет өріне жетелеуде өзіндік үлес қосады. «Мирас» этноауыл өзін көшпенділер бейнесінде сезініп, өткен жүзжылдықтардың оқиғасын басынан өткеруге жағдай туғызатын нағыз мүмкіндік береді. Қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен және дәстүрімен таныса алады,  көшпенділер өркениетінің этномәдени ортасына тап болады.

Сананың ашықтығы – қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Тәжірибесі бай, түйгені мол, қосар кеңесі көп жандардан үлгі алып, сол рухани білім баспалдағын жалғастыратын келешек ұрпақ. “Тәжірибе негізі – ғылым, даналық негізі – білім”, – деп қазақ халқы біліммен ғана бәріне қол жеткізетіндігін мақалмен сөзін өрнектеп әрлеген. Бүгініңнен ертеңім биік деп алдына үлкен мақсат қоя білген. Заманалар өзгерді.

Дәуірмен бірге нормалар да жаңарды. Адамзат қауымының уақыт ұзаған сайын сайын ақыл мен ой деңгейі биіктеп, талғамы жоғарылайды. Әр қадам сайын өзі үшін үнемі жаңалық ашады. Қоғам құбылнамасы әр адамның белсенділігін арттырып, қарымы мен қабілетін нығайтуға мол мүмкіндіктер ұсынуда. «Ғылымға жол» жобасы, «Бизнеске қадам» алаңы, «Білімдегі жаңалықтар» редакциясы, «Даналық – сөз кілті», «Алтын қалам», «Дарабоз» зияткерлі жобасын бастадық. Өскелең ұрпақты, талантты жастарды қолдаудың тиімді жүйесін жасау оқушыларды ынталандыратыны сөзсіз.

«Тағылым» моделінен күтілетін нәтиже жоғарыда жазылған алты бағыт бойынша көші озық, қарышты қадам жасап қана қоймай, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру жолы тұр. Бұл өз кезегінде биік белестерді бағындырудың баспалдағы сынды. Бәсекеге қабілетті жан-жақты тұлға тәрбиелеудегі басты мақсат – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, игі қасиеттері бар ұрпаққа тәуелсіз мемлекет пен ұлттың болашағын үлкен сеніммен табыстауды көздейді.

Ы.Алтынсаринның идеясы мен отаншылдық тәрбие маңызы зор біртұтас жүйе.
Ыбырай – бар қазақтың сүйікті ұлы,
Кеңдігі, тереңдігі, биіктігі!
Кемел боп өсу үшін, ей, жас ұрпақ,
Жүргейсің ес-жадыңа түйіп мұны!

Өлеңі – ілім,
ұстаздың ілімі – өлең,
Ұлтының еткізе алған ділін елең…
Әлі қанша ғасырға сыр айтады ол,
Әлі қанша ұрпақтың үніменен!
Өткен жылдарды тарих ретінде біздің мұрамыз десек, бүгінгі күн жауапкершілікке толы міндеттерден құралған. Келешек әрине батыл қадамды күткен асқаралы асуымыз.

Қымбат Исланбекқызы БІРМАНОВА,
Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп
гимназияның директоры, Қостанай
облысының Рудный қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий