Спорт: Көңілді мәре
Біздің ұстаздар ұжымындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен үш арнайы топқа бөлінген әріптестер арасында «Көңілді мәре» спорттық ойыны ұйымдастырылды. Басы мақсаты мұғалімдердің денсаулығын арттырып, белсенділігін нығайту және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған болатын.

Айдар Жумкенов деңе шынықтыру пәнінің оқытушысы ретінде шартқа сәйкес спорттық ойындарға қатысушылардың белсенділігін қамтамасыз ету мақсатында қызықты да сәтті ұйымдастыра білді. Жиналғандар ойынға қатысушы топтардың әрекеті мен қимылынан ынтымақ пен бірлік және достық қарым-қатынастың аса маңызды серпін беретін күшке айналғанын байқады. Бәсекелес топтың мүшелері спорттық сынға қызығушылықтары жоғары екендігін көрсетіп, жеңіске жету жолында бар жігерлерін жұмсады.
«Эстафета таяқшасын алып жүгіру», «Допты жоғарғы жақтан өткізу», «Секіртпемен жүгіру», «Допты аяқ астынан өткізу», «Боулинг», «Орнынан тұрып секіру», «Кім жылдам», «Арқан тарту» ойындары да тартысты ұйымдастырылуымен ерекшеленген болатын. Жарыстың қорытындысында әділқазылар алқасының құрамындағы Алтынай Сулейменова, Шолпан Масалинова, Калимаш Тлеубаева, Ербол Утеуленов қатысушылардың қарымды қабілеттеріне ризашылықтары білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Көзге түскен үздіктер жүлделі орындармен марапатталып, барлығына естік сыйлықтар табысталды. Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – дегендей жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайту мақсатында пайдалы іс-әрекеттер жасауға бағыттайтын байқаулардың жиі ұйымдастырылғаны баршамыз үшін өте тиімді.
Н. САРШИНОВА,
“Керней ОШ (ресурстық орталық)
КММ-нің кәсіподақ ұйымының төрайымы,
Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы