Жас зерттеушілер: Олимпиада жеңімпаздары анықталды

Педагогикалық ғылымдар саласындағы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыру, талантты жас зерттеушілерді анықтау мен оларға қолдау көрсету мақсатында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында педагогика және психология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының бастамасымен «7М01-Педагогикалық ғылымдар» даярлау бағыты бойынша магистранттардың республикалық олимпиадасы қашықтан ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

 

Байқаудың мақсаты: білім берудің заманауи мәселелерін талқылауға белсенді қатысқысы келетін, педагогикалық бағыттағы магистратурада оқитын талантты жастардың өзін-өзі танытуына жағдай жасауға бағытталған. Олимпиаданың міндеттері: кәсіби педагогикалық кеңістікті кеңейтуді; педагогикалық ортада олимпиада қозғалысын белсенді түрде ілгерілетуді; педагогикалық ғылымдарды оқыту бағыты бойынша магистранттарды өзін-өзі тәрбиелеу ынтасын жағарылату үшін жағдайлар жасауды; мұғалімнің заманауи ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Олимпиадаға педагогикалық мамандықтар бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын іске асыратын республиканың барлық жоғары оқу орындарынан 4 магистранттан тұратын 14 топ (командалар) қатысты. Өтініш білдірген осы командалардың 11-і мемлекеттік тілде, үшеуі орыс тілінде бақ сынады. Еліміздің әр түрлі облыстарындағы жоғары оқу орындарының қатысуымен олимпиаданың географиясы кең болды, Магистранттардың республикалық олимпиадасының байқау бағдарламасы үш кезеңді құрады.

 

Алғашқысы педагог кәсібінің маңыздылығын, кәсіби кредоны және өздерінің кәсіби акмеологияға жету ізденісін ашатын «Менің мамандығым – педагог» өзін-өзі таныстыру тақырыбындағы 3-4 минуттық бейне фильм. Екінші кезең – «Ғылыми мақаланың пікірі» байқауы. Бұл байқауда қатысушыларға жазылған дайын мақалалар берілді. Олар 40 минуттық регламентті, мақалаға  ғылыми түрде пікір жазу ережелері мен нормаларын сақтау арқылы автордың пікірін дәлелдеп, мақала мазмұнын талдауларын жүйелі түрде жазулары керек болды.

Үшінші кезең – үй тапсырмасы. «Қазақстан Республикасындағы шектеу шаралары аясында мектеп оқушыларына білімдерін толықтыруға көмектесетін педагогикалық құралдар» тақырыбында ғылыми жоба әзірлеп, бұл бағыттағы жұмыстардың оқитын жоғары оқу орындарында қаншалықты жүзеге асырылып жатқандығын сараптамаларын алдын-ала жіберіп қою керектігі жүктелген еді. Қазылар алқасының шешімімен үздік жас ғалымдарға бір 1-орын, екі 2-орын, үш 3-орын және Гран-При жүлдесі тағайындалды.

 

Гран-При жүлдесі академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Бастауыш оқыту әдістемесі мен педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. Баян  Шаушекованың жетекшілігімен құрылған “Golden teachers” командасына берілді. Бірінші орынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Бахытжамал Бекжанованың жетекшілігімен құрылған “Энтелехия” командасы жеңіп алды.

Екінші орындар Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология білім беру бағдарламасының 3 курс Сауле Исалиева жетекшілік еткен командаға және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент. Гульмира Ракишеваның «Ученые будущего» командасына бұйырды.

Үшінші орынды келесі командалар өзара бөлісті: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, философия PhD докторы Ақбидаш Абдиркенова құрған «Ыбырай Ізбасарлары командасы; Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің п.ғ.к., қаумдастырылған профессоры Жаңылсын Сабирова жетекшілік ететін «Зияткер» командасы; М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің замануи педагогика және психология кафедрасының доценті, PhD доктор Аккенже Усенованың «SMART» командасы. Басқа командаларға қатысқандары үшін сертификат берілді.

Бибігүл УТЕГЕНОВА,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин
атындағы педагогикалық институтының
директоры,
Ақбидаш ӘБДІРКЕНОВА,
PhD докторы, аға оқытушы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий