Ж.Жабаев – 175: Ақындық доданың жеңімпаздары

Жыр алыбы Жамбылдың мерейтойына байланысты «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының бастамасымен облыстық Жамбыл оқулары онлайн режимде ұйымдастырылды. Байқау мақсаты: ақын шығармалары арқылы ел өткенін таныту, еліміздің отаншыл, білімді, рухы берік азаматтарын тәрбиелеу.

Доданың екі бағыты – «Жамбылдың жыр мұрасы» (ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу) және «Жыр алыбы Жамбыл» (ақындар айтысы) «ZOOM» платформасында бейне конферения байланысы арқылы өткізілді. «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» (оқушылардың өз поэзиялық туындыларын ұсыну) бағыты алдын ала жазылып, жіберілген бейне материалдар бойынша бағаланды. Біздің ауданынан үш оқушы қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша «Жыр алыбы Жамбыл» бағытында «Арқалы ақын» номинациясымен №2 Баянауыл ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Арман Ордабаев марапатталды (жетекшісі: Баянауыл өнер мектебінің ақындар сыныбының мұғалімі Жеңісбек Пәзіл). Жүлделі үшінші орынды №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Әйгерім Мүлікқызы еншілеген болатын (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Шынар Рамазанқызы Жұмабекова). Жарайсыздар, жеңістің биік тұғырынан көріне беріңіздер!

Данияр Хамзаұлы АЮПОВ,
Павлодар облысындағы Баянауыл
аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий