Мектеп оқушылары грант жеңіп алды

Дулати Университетінде «Жастар – болашаққа жол бастар» интеллектуалды ойынының жеңімпаздары анықталды. «Экономика және құқық» факультетінің бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты мектеп бітіруші түлектер арасында құқықтық сауаттылықты арттыра отырып «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын» әр қатысушы көңіліне ұялатуға бағытталған, – дейді осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Арнат Ұлтанбаев ойынның ашылу салтанатында түлектерге Дулати университеті бәсекеге қабілетті жастардың қанат қағап, жан-жақты мүмкіндік сыйлайтын білім ордасы екендігін айтты. Сондай-ақ, факультет деканы Ернишев Қайрат Асылбекұлы оқушыларға сайыс талаптарын түсіндірді. Университеттің 100, 50, 30% грантын жеңіп алу үшін бітіруші түлектер ҰБТ-ның 4 мүмкіндігінде 100 балдан асатын көрсеткішке ие болуы керектігін айтты.

Жеңілдік төрт жыл бойы тегін білім алуға жарамды. Дегенмен оқу барсында GPA көрсеткіші төмен болған жағдайда жеңілдік өз күшін жоятынын ескертті. Алдағы уақыттарда үздіктердің қатарынан көрініп, білім мен шығармашылықты бірге алып жүрген жағдайда, студент осы университеттің магистратура бөліміне түссе, оқытушы құрамында қалу мүмкіндігіне ие болатынын түсіндірді.

Интеллектуалды ойынға Жамбыл облысы аудандары мен Тараз қаласы мектептерінен 187 талапкер бақ сынуға өтініш білдірген. Ойынның екінші кезеңіне қатысуға оза шапқан 32 талапкер жолдама алды. Екінші кезең бойынша қатысушыларға арнайы дайындалған құқықтық сауаттылық және бейінді пән бойынша барлығы елу сұрақтың бірнеше дұрыс жауаптан құралған тест жұмыстары берілді. Көрсетілген уақыт ішінде оқушылар комиссия мүшелерінің бақылауымен, санитарлық талаптарды сақтай отырып аудиторияларда тестілеу жұмыстарын тапсырды.

32 қатысушының тек алтауы ғана 3-кезеңге жолдама алды. Ойын соңында университет ректорының қолдауымен ең көп балл жинаған интеллектуалды ойын жеңімпаздары төрешілердің шешіміне сәйкес І, ІІ, ІІІ аталымдары бойынша оқу жеңілдіктерін иеленгені белгілі болды. Бірінші орын иегері Бексұлтан Бектұрсынов университеттің жүз пайыз, екінші орын иегері Аружан Абилдаева елу пайыз, үшінші орын иегері Абылай Есен отыз пайыздық жеңілдіктері ұсынылып, алғыс хаттар және естелік  сыйлықтармен марапатталды.

Бүгінгі мектеп оқушылары қатарластарынан оза шапқан жүзден жүйріктер. Алдағы уақытта өз биігінде самғар білікті де білімді студент атануларына сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий