Ағылшын тілі пәнінің үздік педагогі

Қарлығаш Есімбекованың еңбек өтілі жиырма жыл. Осы уақыт ішінде балаларға ағылшын тілін үйретумен келеді. Семей қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2014 жылдан бері жұмыс жасайды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

Жуырда әріптесіміз  «Bilim- órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ағылшын тілі пәнінің үздік педагогі-2021» атты байқауының жеңімпазы атанды. – Аталған республикалық байқау «Жылдың үздік ұстазы» жобасы аясында өткізіліп отыр. Байқауға еліміздің барлық өңірінен жоғары оқу орнының, колледж оқытушылары мен мектептердің мұғалімдері қатысты. Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды.

Алдымен жеткен жетістіктеріміз бен ғылыми ізденістеріміз жайлы хабардар еткен біздер екінші кезеңде «Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім…» тақырыбына эссе жаздық. Өз эссем де педагогтің жаңашыл тұлғасын суреттей отырып, шәкірт тәрбиелеудегі инновациялық идеяларымды ортаға салдым. Қазылар алқасы еңбегімді жоғары бағалапты, – дейді Қарлығаш Тілеутайқызы.

 

Білікті ұстаздың бұған дейінгі жеткен жетістіктері көп. Бірнеше ғылыми мақалалары мерзімді баспа беттеріне жарияланып,  есімі үздіктер қатарына жазылған. Оқытқан шәкірттерінің көрсеткен жоғары нәтижелері де аз емес. Енді міне, жеңісті жолы жалғасып, байқауды ұйымдастырушылар тарапынан берілген бірінші дәрежелі диплом мен төсбелгіге ие болып отыр. Ал жазған еңбегі жинаққа енгізілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий