Даналық бейсенбі: “QazVac” вакцинасын әзірлеушілермен жүздесу

Коронавирусқа қарсы отандық «QazVac» вакцинасын әзірлеуші ғалымдар еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұжымымен кездесіп, әлемдік пандемия туралы зерттеулері және қазақстандық ғылымның дамуы жайында ой бөлісті, – деп хабарлайды Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

NIS желісіндегі бірегей жоба «Даналық бейсенбінің» тікелей эфирінде қазақстандық ғылымның қара шаңырағына айналған «Биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институтының» ғалымдары қонақ болды. Атап айтқанда, осы орталықтың бас ғалым хатшысы Хайрулла Абеуов, «Микроағзалар коллекциясы» зертханасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Қуандық Жүгінісов және «Молекулярлық биология және генді инженерия» зертханасының бас ғылыми қызметкерінің міндетін атқарушы Ольга Червякова қатысты.

Кездесуде алғашқы сөз кезегін алған Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күляш Шәмшидинова отандық вакцинаны өндіріске шығаруға байланысты жаңалықтарымен құттықтап, ғылыми жетістіктеріне сәттілік тіледі: — Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ең үлкен міндеті – балалардың алған білімдерін идеяға жалғастыру, практикада пайдалану. Бүгінгі таңда оқушыларымыздың 100-ден астам әртүрлі патенті бар. Солардың басым бөлігі — биотехнология мәселелеріне қатысты зерттеу жобалары мен өнертабыстары. Балалардың ғылымға деген құштарлығы ерекше. Сондықтан бүгінгі кездесу жас өрендер үшін пайдалы болатынына сенімдімін.

Вирусология саласында табысты еңбек етіп жүрген ғалымдар ғылыми орталықтың жұмысымен таныстырды. Биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, микробиология, иммуналогия мәселелеріне қатысты жаңалықтары мол. Адамдардың, жануарлардың және құстардың аса қауіпті вирусты ауруларына қарсы препараттарды шығаруда үлестері жоғары. Биологиялық қауіпсіздік құралдары мен әдістерін даярлайтын үлкен ғылыми ордада 60 түрлі вакцина мен балама жасауға арналған тест жүйелерін дайындап, өткізу технологияларын әзірлеген. Кездесу барысында ғалымдар отандық вакцинаны дайындау барысы мен кездескен қиындықтары туралы сөз қозғап, жаппай вакцинацияның індетпен күресудегі маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қазақстандық ғылымның дамуы туралы баяндап, жастарға кәсіби бағыт-бағдар берді. 

— Қазір ғылымға көп көңіл бөлініп жатыр. Ғылыми техникалық бағдарламалар, жобалар енгізіліп жатыр. Пандемия әлемде вирусолог мамандардың тапшылығын көрсетті. Вирусология саласы — өте қызықты, көп сыры бар сала. Гендік инженерия әдісі арқылы «тегіне» шейін танып, диагностикалық препараттар жасау оңай емес. Қызығушылық болу керек, мақсатты қоя білу керек. «Мен істемесем, кім істейді» деген қағиданы ұстану керек. Мақсат қоя білген адам жеңіске жете алады. Елдің болашағы — білімді жастардың қолында, – деді Хайрулла Абеуов.

«Даналық бейсенбі» күні биологиялық қауіпсіздік проблемалары Ғылыми зерттеу институтында өндірілген қазақстандық вакцинаның бірінші партиясы тиелді. «QazVac» жасап шығару біздің елімізге коронавирустық инфекцияға қарсы өз вакциналарын әзірлеген елдердің бестігіне кіруге мүмкіндік берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий