“Ветеринария” құзыреттілігі бойынша еліміздің төрт өңірінің өкілдері жарысты

Бурабай аудандық Қатаркөл ауылының ауылшаруашылық колледжінің базасында ветеринария құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылған «WorldSkills AQMOLA – 2021» кәсіби шеберліктің аймақаралық чемпионатына республиканың төрт колледжінен сегіз өкіл қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі (Павлодар облысы), Ж. Д. Қизатов атындағы Жоғары Ауылшаруашылық колледжі (Солтүстік Қазақстан облысы), Қостанай Ауылшаруашылық колледжі және Бурабай ауданындағы Ауылшаруашылық колледжі, Қатаркөл ауылы.

– Жарыстың бірінші күні қатысушыларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың үлгілерін алу, ветеринариялық емдеу-диагностикалық манипуляцияларды орындау және тауық жұмыртқаларын овоскопиялауды жүргізу қажет болды. Екінші күні байқауға қатысушылар арнайы аппаратура мен аспаптарды пайдалана отырып, ветеринарлық емдеу-диагностикалық процесінің білімі мен дағдыларын көрсетті, – дейді ауылшаруашылық колледжінің директоры Сергей Савельев.

Сараптамалық қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби дағдыларын бағалады. Қазылар алқасының құрамына ветеринарияның ғылыми және практикалық саласының өкілдері енді (Сыздықов Ағыбай Көкішұлы, Ақмола облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасарының м.а., Әшімов Сағандық Әміржанұлы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, Қазақ агротехникалық университетінің морфология және физиология кафедрасының доценті; Каиржанов Аскер Батхоллинович, «Бурабай ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ МКК директоры).

Өткізілген байқау күндерінің нәтижесінде өздерінің оқу орындарын таныстырған қатысушылар үздік практикалық дағдыларын көрсетіп сертификаттармен марапатталды. Ең лайықтылары жеңімпаз атанды. Бірінші орынды Қатаркөл ауылының Ауылшаруашылық колледжінің студенті Лебединская Лолита Алексеевна және Ж.Д. Қизатов атындағы Жоғары Ауылшаруашылық колледжінің (Солтүстік Қазақстан облысы) студенті Абдуманап Көпжан Ибрагимұлы өзара бөлісті.

Екінші және үшінші орынды сәйкесінше «Ertis» жоғары Инновациялық аграрлық колледжінің студенті (Павлодар облысы) Сайлубаев Ғасыржан Алимханұлы, және Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенті Галатова Анастасия Сергеевна иеленді. Алғашқы қатардан көрінген үздіктер “WorldSkills Kazakhstan 2021” ұлттық чемпионатында өңірлерінің намысын қорғайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий