Әзірбайжанның ботаникалық бағымен танысқан оқушылар қуанышы

NIS жүйесіндегі ерекше мектептердің бірі, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан  NIS Aktau кеңістігін кеңейте бастады. Халықаралық деңгейде қарым қатынасты дамытып, серіктестікті нығайту мақсатында Ақтау қаласындағы Әзірбайжанның Бас консулдығының көмегімен Әзірбайжандағы ҰҒА Орталық ботаникалық бағымен бейне коконференция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Онлайн кездесуге Ақтау қаласындағы Әзірбайжанның Бас консулы Эльмар Мамедов, Әзірбайжандағы ҰҒА Орталық ботаникалық бағының ұжымы және зияткерлік мектептің химия-биология пәні мұғалімдері қатысты. Біз екі ұйымның серіктестік қарым-қатынас орнатуына мұрындық бола алғанымызға қуанамыз. Екі ұйымда да келер жас ұрпақ алдында үлкен жауапкершілік бар. Сондықтан, қарым-қатынастарыңыздың дами түсуіне тілекшіміз, – деді бас консул Эльмар Мамедов.

Конференция барысында Ұлттық Ғылым Академиясына тиесілі орталық ботаникалық бақ басшылығы жұмыс бағытымен таныстырып, бақ қоры туралы мәліметтер берді. Ал зияткерлік мектептің мұғалімдері мектеп жылыжайындағы сынақтар мен биология пәнінің өтуі, балалардың ботаникаға қызығушылығын ояту мақсатында атқаратын жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар, ботаникалық бақпен бірлесіп жобалар жасауға шақырды.

Кездесу соңында зияткерлік мектеп директоры Асел Бейсембинова Әзірбайжан елінің өкілдеріне алғыс білдіріп, бірлескен жұмыс жоспарын құрып, сол бойынша серіктестік орнатуды жалғастыруды ұсынды. Айта кетейік, Әзірбайжандағы ҰҒА Орталық ботаникалық бағы 1935 жылы негізі қаланған. Аумағы – 16 га. Тау бөктерінде орналасқан бақа екі мыңға жуық өсімдіктер түрі өседі. Өсімдіктердің бір бөлігі ашық алаңдарда өссе, жартысы оранжереяда өседі.

Баққа келушілер Әзірбайжан эндемиктердің отырғызған ағаштарымен, жылусүйгіш қылқанжапырақтар мен жапырақтектес ағаштар, бұталармен, қарағай, арша, кипаристер, темір ағаштарымен, ленкорандық жібек акациясымен таныса алады. Бұл жерде жоғалып кету қауіпі бар 12 түрлі өсімдік өсіреді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий