“Спорт Time” – интеллектуалдық ойыны

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керектігін, әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажеттілігін айтқан болатын. Тәуелсіз елімізде спорт пен дене шынықтыру мәдениетінің берік және ертедегі дәстүрлері кеңінен қамтылған. Дене шынықтыру мәдениеті өзіндік ұлттық тарихи дамудағы барлық жолдарын жоғалтпаған.

Жарыстар мен әртүрлі ойындарға қоса дене шынықтыру жаттығуларының жаңаша дамуы мен заман талабына сай түрленуі арқылы ұлттық мәдениетіміздің құрамдас бір бөлігі ретінде сақталуына халықтың қолдауы зор. Мерекелерде дене шынықтыру мәдениетінің ұлттық түрі айқын көрініп отырды. Біздің еліміздегі ұлттық мерекелер бұл тек ойын сауық ретінде емес, ол әрине спорт жарыстары мен зияткерлік ойындар түрінде ұйымдастырылады.
Біздің орталықтағы дене шынықтыру туристік кешенінің спорт нұсқаушылары қолдауымен ұйымдастырылуы тұрақты дәстүрге айналған «Спорт Time» зияткерлік ойыны өскелең ұрпақтың дене тәрбиесі және спортқа қатысты білімдерін кеңейтіп қана қоймай, балалардың жылдам қозғалу, жылдам ойлау, түсіну қабілеттерін жетілдіруді көздейді. Басты мақсат – сайыскерлер зерделілігі мен ептілігін анықтау барысында салауатты өмір салтын насихаттау және зияткерлі тұлғаны қалыптастыруға бағытталған болатын. Негізгі ереже бойынша ойынға қатысушылар- алдын-ала әр топтан екі демалушы ұсынылады.

Ойын үш кезеңнен тұрады (разминка; биатлон; супер-ойын). Бірінші кезең тест ретінде өтсе, екінші кезең экранда көрсетілген категориялар мен сан таңдау арқылы балалардың білімдері тексеріледі. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша ең төмен балл жинаған екі топ ойыннан шығады. Ойынның шарты бойынша супер ойында экранда тек бес сурет, яғни 5-ақ топ доданы жалғастыра алады. Әр дұрыс берілген жауапқа елу ұпай тиесілі. Экрандағы бес суреттің біреуін таңдап, астынан шыққан сұраққа жауап беру керек.
Ойынды сайыскерлер «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», – деген ұстаныммен аяқтап, өздерінің казіргі жаңа ғасыр заман талабына сай бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ, ойы ұшқыр, зерек оқушы екендерін айқындайды. Жастардың денсаулық жағдайы қоғам мен мемлекет дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Елдің еңбек ресурстары, оның қауіпсіздігі, саяси тұрақтылығы, экономикалық әл-ауқаты және халықтың моральдық, адамгершілік деңгейі жастардың жағдайына тікелей байланысты. Жастарымыздың өмірінде спорттың рөлі бас сомдаушы болса, тәуелсіз мемлекетімізді жан – жақты дамуы тың серпінге ие болары даусыз.

Еркебұлан АДІЛБЕКҰЛЫ,
“Балдәурен” республикалық оқу
сауықтыру орталығындағы мектептің
дене шынықтыру пәні мұғалімі,
Ақмола облысының Бурабай ауданы