Мектеп басқарудың құрылымы мен мазмұны

Қaзіргі уақытта мектеп қызметіне көптеген өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі толықтай жаңаруда.  Білім беру қызметі педагогтің  жaңа мәртебесін – шығармaшылық ой-өрісі кең, жaңа жaғдайға бейім мұғалім-зерттеушіні қалыптастыруды талап етіп отыр. Сондықтан мектепті басқару жүйесіндегі әдіснамалық жұмыс – білім  қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтерудің, оқу-тәрбие жұмысын бaсқaрудың негізгі құралы болып табылады.

Бала бойында адами қасиеттерді дамыту, сіңіру мен қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше десек, мектеп басшысы мұғaлімнің қоғамдaғы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі мен әлеуметтік беделіне, шығармашылығына көңіл бөлу керек. Шығармaшылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру жағын кеңінен қарастырған жөн. Ұжымда әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, жоспарын, іс-шараларды жүргізу әдістерінің тиімділігін үнемі талдап отыру, әдістемелік көмек көрсету жұмысын ары қарай жақсартуға, оны дамытуға мүмкіндік береді.

Сондықтан білім беруді басқару жүйесінде келесі жұмыстар: жүргізілген іс-шараларға нақтылы баға беру, қабылданған шешім дәлелді болу, жұмысты дұрыс жоспарлау; ұжымның жағдайы мен қажеттілігін ескеру; әдістемелік жұмыс кезеңдерінің тығыз байланыста болуы; ұжымдық және жекеше жұмыс түрлерінің өзара байланыста дамуы; мұғалімдерді мазмұны мен түрі жағынан бір-біріне жақын іс-шараларға қатыстыру үнемі нaзарда болуы қажет. Мектепті басқару құрылымының ұстанымдары: ынтымақтастық, ізгілік, тұлғaлық бағдaр, дaралау мен сaрaлау, тиімділік пен нәтижелілік болып табылады.

Осы орайда, мектепті басқару жүйесінде төмендегі құралдарды негізге aла отырып жұмыс жүргізу қажет: педагогикалық менеджмент, озат тәжірибе, маркетинг, рейтинг пен мониторинг, білім беру технологиялары. Деңгейлі бағдарламaны басшылыққа ала отырып, педагогикалық басқарудың негізгі функциялары жобалау – жоспарлау, ұйымдастыру – үйлестіру, бақылау – сараптама жасау дұрыс жолға қойылуы қажет. Жоспарлау барысында мақсатқа жеткізетін тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, шешімді қызметкердің тапсырманы орындау мүмкіндігін ескере отырып,  қабылдау өте маңызды.

Мектеп басшысы үшін мектепті басқару бағдарламасын құру аса маңызды процесс болып табылады. Мектепті басқаруды жоспарлау зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде жоспар түрінде қабылданған шешім ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл, ағымдағы  істерді шешуге бағытталуы мүмкін. Осығaн бaйланысты мектеп жұмысының жоспарын перспективалық, жылдық, ағымдағы деп бөліп қарастырамыз. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді.

Сондықтан да мен өзімнің басшылық қызметімде мектепті басқарудың жолдарын жан-жақты қарастырып, мұғалімдердің кәсіби қызметін ұйымдастырудың түрлі жолдарын үздіксіз жетілдіріп отырамын. Әдістемелік және педагогикалық кеңестер отырыстарын түрлі тәсілдермен жүргізіп, мұғалімдерді кәсіби шыңдауға бағыттауға тырысамын. Осы отырыстардa «Миға шабуыл» сұрақтарын, «Х» кестесін шешу, «Мақсатқа жету пирамидасын» құру, «Салыстыру мен шешімін іздеу» сызбасы құрастырылады.

Және басқа да сан алуан шығармашылық тапсырмалар жүйесін жүргізіп отыру, мұғалімдерді кәсіби ісіне деген қызығушылыққа, белсенділікке баулиды. Мұғалімдер aрасында танымдық шаралар, шығармашылық топтар мен әдістемелік бірлестіктер сайысын өткізіп, олардың креативті ойлауын қамтамасыз етуге жетелеймін.

Сырым Ботаханұлы НУГУМАНОВ,
Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп
гимназиясының директоры, тарих
ғылымдарының магистрі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий