БҒМ: Балабақшаларға бағыттау жұмыстары жүз пайызға автоматтандырылған

– Бүгінгі күні балабақшаларға бағыттау толық жүз пайыз автоматтандырылған. Осыған дейін қағаз түрінде бағыттаманы алатын ата-аналар өз құжаттарын алдын ала жазылусыз жүргізетін болған. Қағаз түрінде тапсырған кезде әр ата-анадан 4 құжат талап етілді. Сондай-ақ басқа категория бойынша кезектен тыс орын алу мәселелеріне немесе арнайы білім мекемелеріне баруға байланысты тағы бөлек құжаттарды тапсыратын, – деді Білім және ғылым министрлігінің бүгін ұйымдастырылған аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Каринова.

Шолпан Таңатқызының мәлімдеуінше әата-ананың әлеуметтік деңгейін, әлеуметтік орнын табу үшін тиісті құжаттарды қағаз түрінде ұсыну талап етілген. Ал ата-аналардың қолдарына қабылдау немесе қабылдамау туралы қағаз түріндегі бағыттама берілетін болады. Бұл қызмет бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий