Балалардың кино байқауы: Қазақстан балалары шексіз әлемде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық білім басқармасына қарасты «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» Жақсы ауданындағы оқушылар үйімен бірлескен түрде «Қазақстан балалары шексіз әлемде» аймақтың деңгейде сырттай балалар киносының байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басты мақсат үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Шығармашылық тұлғаның өз ойын білдіру тәсілдерінің бірі ретінде фильмдер, жарнамалар, репортаждар жасау процесін ынталандыру. Байқауға он бір аудан (Астрахан, Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Есіл, Сандықтау, Біржан сал) мен 2 қаладан (Көкшетау, Степногорск) барлығы 76 білім алушы қатысты.

Байқау жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланды: фильмде тарихи, көркем және мәдени мұраның толықтай көрініс табуы; тақырыпты терең аша білуі, танымдық, мәдени құрамдастығы; өзектілігі, эмоционалдық әсері; режиссерлік және операторлық өнері (түсірілімнің күрделілігі, техникалық сапасы, бейнесуреттің анықтығы және дыбыстың сапасы, монтаждау өнері); музыкалық сүйемелдеу; сценарийлік жұмыс.

Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды: деректі (ойынды емес) кино бірінші орын Дьяченко Дарья. Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 1 ЖББМ; екінші орын Сыздыков Равиль. Бурабай ауданы, «Арман» БЖШО; үшінші орын Аникина Алина. Бурабай ауданы, Щучинск қаласының П.И. Морозов атындағы № 3 ЖББМ. Ойынды кино бойынша бірінші орын Тынысбек Аселя. Көкшетау қаласы, «Әулет» МТЖО; екінші орын Сулейменов Алишер. Атбасар ауданы, Мариновка ауылының № 2 ЖББМ; үшінші орын Ермекказыев Дамир. Көкшетау қаласының №19 орта мектебі.

STOP-MOTION видео бойынша бірінші орын Маслова Алина. Жақсы ауданы, Киевское аулының ЖББМ; екінші орын Ямина Анастасия. Степногорск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы; үшінші орын Солоненко Виолетта. Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 5 ЖББМ. Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейне өнім бойынша бірінші орын Садышев Родион. Ақкөл ауданы, № 2 Ақкөл орта мектебі; екінші орын Токтасынова Аружан. Зеренді ауданы, Өзен ауылының негізгі орта мектебі; үшінші орын Евдокимова Маргарита. Есіл ауданы, Курское ауылының ЖББМ.

Анимациялық кино бойынша бірінші орын Сабырханова Елдана. Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылының мектеп-гимназиясы; екінші орын Сопова Александра. Сандықтау ауданы, Каменка ауылының орта мектебі; үшінші орын Тасбулат Амина. Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy». Музыкалық клип бойынша бірінші орын Гелеверя Егор, Есиль ауданы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы; екінші орын Совет Сағыныш, Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy»; үшінші орын Мухопадова София, Сандықтау ауданы Лесное ауылының орта мектебі.

Телевизиялық сюжет бойынша бірінші орын Касьянов Никита, Бурабай ауданы, Успеноюрьевка ауылының ЖББМ; екінші орын Жақсылық Қарақат, Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy»; үшінші орын Курметбек Аккайын, Бұланды ауданы, Никольское ауылының № 1 орта мектебі. Киножурнал бойынша бірінші орын Надейна Ольга, Біржан сал ауданы, оқу өндірістік комбинаты «Арт фото» үйірмесі; екінші орын Пушкарёв Роман, Степногорск қаласының, Ю.А.Гагарин атындағы № 7 ЖББМ; үшінші орын Депершмидт Альбина, Атбасар ауданы, Новосельское ауылының ЖББМ.

Ең үздік операторлық жұмыс бойынша бірінші орын Досанова Томирис, Атбасар ауданы, Тимашевка ауылының ЖББМ; екінші орын Кабдуллина Алина, Біржан сал ауданындағы оқу өндірістік комбинаты «Арт фото» үйірмесі; үшінші орын Атрощенко Виктория, Буланды ауданы, Макинск қаласының БЖШО. Жеңімпаздарға облыстық білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий