“Silkway Science Week – 2021” ғылым апталығы шақырады

Silkway халықаралық университетіндегі ғылым және инновациялар бөлімінің  бастамасымен “Silkway Science Week – 2021” ғылым апталығы ұйымдастырылды. Silkway халықаралық университетінің ректоры М. Жаркинбеков алғашқы құттықтау сөз алып, ғылым апталығының қатысушыларына сәттілік тіледі. Бүгінгі ғылым саласындағы жетістіктер – адамзаттың қызметінің нәтижесі.

Цифрландырылған қоғамда тіршілік етудің басты бағдары – ғылым мен техниканың жаңалықтарына негізделген ғылыми білім нышаны болып отыр. Ғылым жолы – биік шың іспеттес танымның тұңғиыққа толы танымның формасы. Бүгінгі ғылым мен білім саласындағы ауқымды жетістіктер – бірнеше жылдар бойы әрбір тамшының көзіндей жинақталған адамзат баласының тәжірибесінің нәтижесі. Теориялық білімнің мазмұнының тереңдей түсуі – ғылым мен білім берудің жаңа бағыттарына жол ашып қана қоймайды, сондай-ақ ғылыми көзқарастар мен ғылыми ой-сананың дамуына әсер ететіні сөзсіз.

Ғылым жолында жүрген қызметкерлер, профессор-оқытушылар мен ғалымдарға белгілі, ғылыммен шұғылдану, ғылым жолына белшене араласып машықтану үлкен ынта-жігерді, талпынысты, өзіндік талап қою мен  жауапкершілікті қажет етеді. “Silkway Science Week – 2021” ғылым апталығының ашылуына онлайн форматта құттықтау сөз сөйледі. Түркия мемлекетінен Токат Газиосманпаша университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті, түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің басшысы Ержан Петек.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым бойынша кеңесінің төрағасы, әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші қызметкері, философия мамандығы бойынша PhD Ермек Токтаров; Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кадрларды даярлау басқармасының бастығы міндетін атқарушы, ф.-м.ғ.к. Гүлзада Баймбетова; Болашақ университетінің ректоры, т.ғ.к. Қуаныш Дәуренбеков.

«Silkway Science Week – 2021» ғылым апталығында: «Халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялаудың жолдары» атты семинар, «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – сапалы білім кепілі» атты мастер класс, «Европейские реформы и инновации в высшем образовании: гармонизация и внедрения в Казахстане» атты ғылыми-әдістемелік семинар, «Scopus және Web of science деректер базасында жұмыс жасау методологиясы» атты вебинар ұйымдастырылды.

«Жаратылыстану ғылымы мен білімі: мәселелер, тәжірибелер, мүмкіндіктер» атты республикалық семинар, «Новое в Казахстанском законодательстве: административная юстиция» атты дөңгелек үстел, «Орта ғасырлық түркі әдеби жәдігерлерін зерттеп – зерделеудегі мәселелер мен негізгі міндеттер» атты семинар, «Суггестивные технологии в работе психолога» атты халықаралық онлайн тренинг және «Техникалық және кәсіптік білім беруді көтерудің өзекті мәселелері» атты вебинарға қатысты.  Сонымен қатар, «Silkway Science Week – 2021» ғылым апталығы «Тәуелсіздіктің жас ғалымдары – жарқырасын!» тақырыбындағы жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-онлайн конференциясымен аяқталады. 

Бибол Ермұратұлы ЖАҚЫПБАЕВ,
Silkway Халықаралық университетінің
ғылым және инновациялар жөніндегі
проректоры, РhD

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий