“Өзін-өзі тану”: Рухани-адамгершілік білім беру бағытындағы республикалық кеңестің отырысы
«Бөбек» орталығында, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі ХІҮ республикалық кеңесінің отырысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы орталықтың баспасөз қызметі.

Аталмыш іс-шараға кеңес мүшелері: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Асылова Б. А.; Министр кеңесшісі, ҚР БжҒМ-нің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚМ директоры Шер Р. П.; ҚР БжҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Иманғалиев Е. Н.; ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Мелдебекова М. Т.; ҚР БжҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Оспанова Н. Ж.; ҚР БжҒМ «Бөбек» ҰҒББСО-ның бас директоры Сәкенова Е. Н.; ҚР БжҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Адамды адамгершілік-рухани дамыту және және ақпараттық сүйемелдеу басқармасының басшысы Қошқарова Г. Х. және тағы да басқа тұлғалар қатысты.
Қатысушылар назарына Елена Сәкенова «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның алғы сөзін оқып берді, содан кейін бейне үндеуі ұсынылды. Шолпан Каринова «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту жағдайы және мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, ТжКБ-да педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру туралы мәлімдеді. Ол рухани-адамгершілік тәрбие және тұлғаның дамуы Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы білім беру саясатының негізгі міндеті болып табылатының атап айтты.

Бұл міндеттің практикалық шешімі авторы Сара Алпысқызы болып табылатын «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының іске асырылуы болды. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдардан бастап жоғары оқу орындарына дейін білім беру жүйесінің барлық деңгейінде іске асырылуда. ҚР БжҒМ-нің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаментінің директоры Әділет Тойбаев жоғары оқу орындарында өзін-өзі тану пәнін оқыту жағдайы және жоғары оқу орындарының педагог кадрларының біліктілігін арттырудығ жайын қозғады.
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша еліміздің 9 аймағының 15 жоғары оқу орны кадрлерді даярлайды. 14 жоғары оқу орнында өзін-өзі тану бойынша мамндандырылған аудитория және зертханалар бар. Жоғары оқу орындары 15 электронды құрал әзірледі. Білім беру ұйымдарында жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие мен оқыту жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері туралы Елена Сәкенова баяндады. Ол тұлғаның үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуына тәрбиелеу және оқыту жүйесі қызметінің табыстылығы білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттарына «өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасының негізгі идеяларын біріктіруге негізделген оның мазмұнымен айқындалатынын жеткізді.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасын іске асырудың басты тетігі, тәрбие мен оқыту жүйесі сапасының басты критерийі өзін-өзі тану сабағы болып табылады. Табыстылық курстан өту барысында жетілдірілетін мұғалімнің кәсібилігімен анықталады, сондықтан барлық мұғалімдер курстардан өтуі керек. Кеңес барысында туындаған сұрақтарға толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.
