Өз-өзіңді тану – денсаулыққа апаратын жол

Бүгін ZOOM платформасында «Өз-өзіңді тану – денсаулыққа апарар жол!» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі. Семинарға ҚР БжҒМ-нің және аймақтық білім басқармаларының өкілдері, «Бөбек» ҰҒББСО-ның қызметкерлері, шетелдік серіктестер, ғалымдар, орта білім беру мекемелерінің педагогтері мен медицина қызметкерлері қатыспақ.

ҚР БжҒМ-нің мектепке дейінгі және орта білім беру Комитетінің төрайымы Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова; «Бөбек» ҰҒББСО-ның бас директоры Елена Николаевна Сәкенова; Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманұлы Шарманов; «АҮДҰИ» КЕАҚ президентінің м.а. Ирина Владимировна Калачева және «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінің директоры Мақпал Қамитқызы Аденова алғы сөз сөйлейді.

Семинар барысында филология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу қ. Оңалту  және білім беру орталығының директоры С. А. Войтас (Ресей);  медицина ғылымдарының докторы, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Қоғамдық денсаулық кафедрасының профессоры Қ. Қ Тоғызбаева және тағы басқалар баяндамаларын ортаға салмақ. Семинарға қатысушылар назарына «Бөбек» ҰҒББСО-ның тәрбиеленушілерінің шығармашылық нөмірлері ұсынылмақ. Құрметті бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері, Сіздерді форумға қосылып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз. Байланыс телефондары: +7 707 391 77 39 – Баян Викторовна, +7 777 264 96 89 – Сайрангүл Ғаббасқызы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий