Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: Ізденістер мен ашылымдар

Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері экономика ғылымдарының докторы, профессор, жоғары оқу орындары Қауымдастығының президенті Рахман Алшановтың «Жиырма жылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты кітабының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата университетінің баспасөз қызметі. 

Шараға Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, университеттің Басқарма Төрағасы – ректоры, Каримова Бейбіткүл Сәрсемханқызы, Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана директоры Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы, университет профессор-оқытушылары, қызметкерлер мен білім алушылары қатысты. Алғашқы сөз сөйлеген университеттің Басқарма Төрағасы – ректоры, Б.Каримова өз сөзінде «Автор өзінің «Жиырма жылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты төл туындысын жазып шығаруға жеті жыл уақытын жұмсаған екен.

Рахман Алшанұлының бұл еңбегі бірнеше ғылымның басын қосқан дүние. Ендігі жолда келер жас ұрпақ жер бетіндегі жаратылыстың қалай пайда болғанын және бүгінгі күнге дейін ондағы орын алған өзгешеліктерді білу мақсатында осы кітапты оқыса, Рахман Алшанұлының жылдар бойғы еңбегінің ақталғаны деп білемін» – деді. Сонымен бірге тұсаукесер рәсімінде университеттің оқытушы профессорлар құрамы мен білім алушылары кітапқа қатысты пікірлерін ортаға салып, өз ойларын ашып айтты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Рахман Алшановтың еңбегін кеңінен насихаттау мақсатында 9-11 сынып оқушылары мен студент жастар арасында эссе жазу байқауын өткізген болатын. Байқау нәтижесінде арнайы құрылған комиссия мүшелерімен жүзден аса еңбектің арасынан үздік деп танылған 3 мектеп оқушысы мен үш студентке жүлделі 1,2,3 орындар тағайындалып, кітап авторының арнайы қаржылай сыйлығы табысталды. Сонымен бірге эссе жазуға талаптанған барша қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды. Сонан соң кітап авторы Рахман Алшанұлы онлайн байланыс арқылы барша шараға қатысушыларға бүгінгі айтылған жылы лебіздері үшін алғысын білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий