Жаңартылған мазмұн: Заманауи оқытудың тың тәсілдері

«Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренермін», – деген екен қытай халқының ойшылы Конфуций.  Дербес елдің тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің алдында тұрған келелі мәселе –  білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне еш талас жоқ. Тәуелсіз мемлекетімізді әлемге паш ететін – ғылымы мен білімі. «Мектеп – әлеуметтік мәселенің өзектісі», – деп Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезінде жоғары атқарушы билік пен жұртшылық назарын жалпы білім беретін мектептің жүйесіндегі инновацияның алар орнының маңыздылығы соншалық, білім сапасына әсер ететініне баса назар аударғанын білеміз. Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.

Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы екені баршамызға аян. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі кілт жүруі керек», – деп Мұхтар ақын Шаханов айтқандай бастауыш сынп мұғалімі үнемі ізденісте болуы керек. Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Басты мақсаты: бастауыш сынып пәндері бойынш абілім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Негізі міндеттері: бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  жаңартылған білім  беру  бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру; бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  жаңартылған  білім  беру  бағ-дарламасындағы  оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз енгізу. Бастауыш білім беру негізгі кең ауқымды дағдыларды: білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдануды; сыни ойлауды; зерттеу жұмыстарын жүргізуді; ақпараттық-коммуникативті кдағдыларды пайдалануды; әртүрлі коммуникация тәсілдердің жетілдірілуін; топта және жеке жұмыс істеу ептілігін; проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауды; оқушы тұлғасының үйлесімдіқ алыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құруды көздейді.

Педагогикалық әдіс-тәсілдер құндылықты бағдарланған; әрекетті; тұлғалық-бағдарланған; кіріктірілмелі; коммуникативті әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады. Күтілетін нәтижелер: бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына  қол  жеткізу  мақсатында критериалды  бағалау  жүйесін  түсіне отырып, қолдана білу. Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және  өмір  жағдайында  шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйіндіі дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуге бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына жаңартылған білім беру бағдарламасында көрсетілген.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы мәселелерді анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зертеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау.АКТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және тиімді жүзеге асыру үшінқа жетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдана білу.

Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі.  Бағалау жүйесі  де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесімен бағаланды.

«Бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  критериалды  бағалау  және  оқытуды  жоспарлау» жүзеге асырылып отыр. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша өткізіледі. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.

Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңін аяқтағанда (әр бөлім немесе ортақ тақырып бойынша, тоқсан соңында, оқу жылының соңында) оқушыға балл және баға қою арқылы оқу нәтижесінің ілгерлеуі туралы ақпарат беру үшін жүргізіледі. Жиынтық бағалау үшінші оқу тоқсанынан бастап, барлық пәндер бойынша жүргізіледі.  Жаңартылған білім беру маз­мұнын белгілейтін типтік оқу жос­парында 1-4 сыныпқа арналған «Сауат ашу», «Жаратылыстану», гуманитарлық-қоғамдық пәндерінің негіздерін оқытуда «Дүниетану» және тіл­дерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқы­лым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды.

Тағы бір жаңалығы, бас­тауыш мек­тептің 3-4 сыныптарында оқу­шыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның жаңа ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адам­гершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптас-тыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.

Жаңа оқулықтарда берілген тапсырмалар мәтінді оқу, оның мазмұнын айтумен ғана шектелмей, мәтінге қатысты өзі сұрақтар құрастыруына, себебін анықтауына, болжам жасау мен өзіндік бағалауына, сұраққа жауап болатын ақпаратты дереккөздерден табу ретін білуіне, жақсық пен жамандықты ажырата білуге жетелейді. Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің көңіл-күйін анықтау, рөлге бөліп оқу оқушылардың қызығушылығын тудырады. Сауат ашу оқулығы оқу мен жазу жұмыстарының кіріктірілуімен, сауат ашудың кезеңдерге бөлінуімен ерекшеленеді. Бірлескен жұмыстар (жұптық,топтық, сыныппен) жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу, рөлдік ойындар, дереккөздерді саралау (кітап, интернет, құжаттар, мұражай).

Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, адамжәнеқоғам, технология және өнер, де­нешынықтыру сынды білім салалары аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және  мең­геруге талаптанады. Бі­лім сапасын анықтау құралдары ре­тінде оқуға ынталандыратын және оқушының жеке даму траек­ториясын белгілеуге мүмкіндік бе­ретін формативті бағалау мен мектепішілік суммативті ба­ғалау түрлерімен белгіленді. Оқушылар бойында білім алу, іздену, ой қорыту, шешім қабылдау дағдыларын тәрбиелеуде түрлі стратегияларды тиімді қолданылады.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап , ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға , шешім қабылдауға, өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу; оқушылардың жеке пікірін тыңдау, олардың өздерінде бар білім, білік дағдыларын қолданудың маңыздылығына назар аудару; оқушыларды өз жұмыстарын бағалауға және түзетуге ынталандыру;

Бастауыш білім берудің мақсаты – кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады. Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану; сын тұрғысынан ойлау; ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану; коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін оның ішіндекөптілділік дағдыларды пайдалану; топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай білуге қалыптастыру. Оқыту әдіс-тәсілдері: құндылықты және бағдарланған тәсіл. Оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.

Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу. Тұлғалық және бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақыл-ойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді. Жүйелік-әрекетті тәсіл дегеніміз оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.

Коммуникативтік тәсіл – бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған. Интегративтік тәсіл – оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады. Интербелсенді әдіс – үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi. Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз.

Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi. Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты. Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi; шешендiк өнерiн жетiлдiредi; танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын); сыни ойлау дағдыларын дамытады; өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады.

Интербелсенді оқыту – әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзініңәрекеттері мен өз қолымен жасаған істерқ алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдарын тәсілдері ретінде танылады. Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді: терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; пікір таластарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу; шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу.

Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек: бірлескен жұмыс; танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту. Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері: бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық); рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар; ақпараттың әр түрлі көздерімен жұмысжасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұражай); таныстырылымдар; тренингтер; интервью; сауалнама. Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет: жұмысқа балалардың толығымен қатысуы; балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру; кабинеттің талапқа сай болуы; жұмыс орнына назар аудару қажет.

Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет. Бесінші ереже: оқу барысында процедураға және регламентке назар аударылуы қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.  Алтыншы – оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау. Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады.

Оқу процесінің барысында мынадай қарым – қатынасқа түседі: мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде); өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеу барысында); шағын топтармен (3-5 баламен); балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында); балалардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді); кейбір техника түрлерімен (мысалға, компьютермен); оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің аралығындағы мәселелерді талқылайды, зерттейді.

Оған дәлел: ии неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады. Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында көңілді білім алады. Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан  мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді. Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды, яғни бүгінгі тақырыпқа деген  жаңаша түсінік  пайда болды ма, немесе  жоспар іске  асты ма деген сияқты тағы да басқа сауалдар топтамасы. Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.

Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.

Қорытындылай келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ: сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу; оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу; оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу; топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу; оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру; оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру; оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу; оқушының логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою.

Жаңа ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектенеді. Үздіксіз білім – толассыз, тоқтаусыз білім. Көрнекті американдық психолог, философ және педагог Дж.Дьюеңбектерін өзекті мәселесі де әр адамның өмір бойына білім алуында деп көрсетеді. Міндет ауыр, мақсат айқын. Отандық іс-тәжі­рибе негізінде әлемдік тә­­жірибедегі алдыңғы қатарлы идея­­ларды бас­шы­лыққа ала оты­рып, функционал­ды сауат­ты­лы­ғымызды арттыру үшін сыни тұр­ғыда ойлай алатын оқушылар оқытып, тәрбиелесек жақсы нәти­жеге же­тетініміз сөзсіз.

Сөзімнің соңында мен мақаламдыақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман», – деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. Бүгінгі дәуір ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық станадартқа сай  жаңа білім беру  —  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол осы болып табылады.

Сауле Кенжегалиевна СЕКСЕНБАЕВА,
Шәкәрім атындағы  үш тілде оқытатын
көпбейінді гимназияның
бастауыш сынып
мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий