Жетісу университеті: Айдың үздік бөлім қызметкері

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылына» орай «Айдың үздік бөлім қызметкерлері» байқауын ұйымдастырды. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімі және университет кәсіподағы бірлесіп өткізген байқауға құрылымдық бөлім қызметкерлері қатысты.

Бекіткен ережеге сәйкес, әр құрылымдық бөлімнен бір қызметкер бөлім басшысы тарапының ұсынысы негізінде іріктеу кезеңінен өткен. Көрсетілген критерилерге сай қатысушылардың портфолиясын тағайындалған қазылар алқасы қарап, атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне қарай жеңімпаздарды анықтады. «Айдың үздік бөлім қызметкері» байқауының қорытындысын шығару жөніндегі комиссия отырысының шешімі бойынша жеңімпаз ретінде 56 ұпаймен халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының сарапшысы Қадырова Айгуль Муратбековна танылды.

КИМЭП университетінде қаржы мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін үздік бітіріп, Лондон қаласындағы Grenoble Ecole de Management университетінде магистратура дәрежесін алған. (Диссертация тақырыбы: Қазақстандағы ХҚЕС (халықаралық қаржылық есептілік стандарты). Кадырова Айгуль шет елінен қайтып келгеннен кейін, кәсіби тәжірибесін халықаралық Ernst and Young аудиторлық компаниясында өткен. Қызмет саласындағы бірнеше сертификаттардың иегері, халықаралық IELTS тапсырып, ағылшын тілін жақсы білетіндігін дәлелдеген.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде аз уақыт ішінде жұмысқа деген артқан жауапкершілігін таныта білді. Артқан сенім үдесінен шығу үшін жұмысын тиянақты орындауға тырысты. Ғылыми және педагогикалық қызметті бөлімдегі жұмыспен үйлестіре алған, шетелдік журналдарда бірнеше мақалалары жарияланған және студенттердің старт-ап жобаларының ғылыми жетекшісі болып үлгерген. Жеңімпазға университет тарапынан диплом мен қаржылай сыйлық табыс етілді.

Ерлан Сейлханұлы ХАЙМУЛДАНОВ,
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу
университетінің кәсіподақ төрағасы,
Алматы облысының Талдықорған қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий