Білім негізі: Кітап – кемелденуге көмектеседі

Біздің білім ордасындағы оқушылардың қатысуымен кітап құмарлар үшін арнайы шара ұйымдастырылды. Бұл кезекті басқосудың негізгі мақсаты: оқырмандарды кітап оқу өнеріне, көркем шығармаларды сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, оқыған кітаптары жайлы бір-біріне айтып,  білім алу барысында түрлі әдебиеттерді тиімді пайдалануға бағытталған болатын.

Қатысушылар жеке пікірлерін айтуға дағдыланып, ойлау қабілеттерін дамытуымен қатар жүйелі салыстыру мүмкіндіктерін жетілдіруге үйренеді. Асқақ армандар үздіксіз ізденіп, терең білім алғанда орындалары анық. Ал білім алудың ең басты құралы – кітап өскелең ұрпақтың кемелдене дамуына көмектеседі. “Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт” республикалық жоба шеңберінде ұйымдастырылатын жүздесулердің басты мақсаты оқырмандар санын көбейтуді көздейді.

«Менің сүйікті кітабым» тақырыбындағы төрт бөлімді құраған конференцияның алғашқы сәтінде қатысушылар жиналғандарға өздерін таныстырып, оқыған кітаптарының қысқаша мазмұнын баяндап берді. Екінші кезеңде көреремендер мен қонақтар тарапынан әр алуан сұрақтар қойылып, арнайы бейнефильм көрсетіліді. Қорытынды кезеңде әділ қазылар алқасының мүшелері Алтынай Нагатаева, Бахытгүл Мукашевна және 11 «а» сынып оқушысы Хуат Жастілек үміткерлердің талабына бағаларын берді.

А.Дюманың «Граф Монте Кристо» романы жайында қызықты мәліметтерді әңгімелеген 10 «а» сынып оқушысы Бельгибаев Темирлан «Ең үздік оқырман» аталымына ие болса, «Маленький принц» атты Антуан Сенд Экзюпери шығармасын таныстырған 8 «б» сынып оқушысы Алин Азат «Ең үздік кітап моделін жариялаушы» атағын алды. Даниел Дефонның «Робинзон Крузо» туындысын көркем фильммен салыстыра мазмұндаған 10 «а» сынып оқушысы Бекболат Мирас «Ең үздік пікір білдіруші» ретінде марапатталды. «Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі», – деп Ф. Бэкон айтқандай еліміздің болашағы білімді жастардың қолында.

Жұлдыз БЕКБАТЫРОВА,
Облыстық көп салалы дарынды
балаларға арналған көптілді
лицей интернатының кітапханашысы,
Павлодар облысының Екібастұз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий