Тәуелсіздікке 30 жыл: Онлайн сурет байқауы

«Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы онлайн сурет байқауы 5 – 7 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды. Басты мақсат – өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ талапты шәкірттердің суретшілік өнерін дамытуға және көпшілікке насихаттауға бағытталған болатын.

Оқушылар еліміздің жетістіктері туралы білгендерін ортаға салып, шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Байқауға 23 оқушы қатысып, жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Әрбір суреттің ерекшелігі мен мағынасы бар және зор ынтамен салынған. Ұсынылған жұмыстардан таңдап алынған тақырыпқа жеке көзқарастарды көруге болады. Бұл байқау балалардың арманы мен қиялының шексіз әлем екендігін танытқаны даусыз. Олардың жұмыстарындағы тәуелсіздік тақырыбы сан қырынан баяндалады.

Балалар арасында ұйымдастырылған ең үздік сурет байқауының қорытындысын арнайы топ дауыс берушілердің санына байланысты шығарған еді. Шығармашылық жұмыстардың үздіктері «Ең шығармашыл сурет», «Ең көркем сурет», «Ең мазмұнды сурет» аталымдары бойынша анықталып, орын иегерлері онлайн форматында марапатталды. Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан»  тақырыбында ұтымды ұйымдастырылған байқаудың бастамашылары саналатын көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Алтынгул Жумабаевна мен Айдос Бағашаровқа әріптестер мен оқушылар ризашылықтарын жеткізді. 

Алтынгүл Жумабаевна КАЛДЫБАЕВА,
№ 160 жалпы білім беретін мектептің
көркем – енбек пәні мұғалімі, Алматы
қаласының Алатау ауданы   

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий