Пән бірлестігі: Ұлағатты ұстаздардың ойлы оқушылары

2020-2021 оқу жылында еліміздің мектептері коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында қашықтан оқытуға көшті. Біздің білім ордасы да қиындықтарға қарамастан ауқымды іс-шараларды онлайн режимінде ұйымдастыра білуде. Биыл мемлекетіміздің тәуелсіздігіне 30 жыл.

Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда бұл уақыт  көзді ашып-жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен межелі мерзімде жұртымыз қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуірді басынан кешірді.  Мерейтойлық бағдарлама аясында қазақ тілі пәні бойынша бірлестіктің мұғалімдері ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарына қоса бәсекелік байқаулар ұйымдастырды.

Джазылбекова Алуа 3 “б”, Жандаров Нурислам 4 “г”, Тимур Санжар 4 “г”, Сугурова Данэля 4 “г”, Мейрамбек Рауза 4 “е”, Именжанова Ильзара 4 “д”, Алимжанова Фадэля 8 “в”, Ибраева Ақерке 6 “в”, Титов Никита 9 “г” және тағы да басқа мақтаулы оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Шәкірттер қазақ тілінде көркем оқу шеберліктерін бойынша бақтарын сынап, мемлекеттік тілде еркін мәнерлеп оқудан жүлделі орындарын иеленді. Үздік сабақтар әлеуметтік желінің парақшаларында жарияланып, мектеп директоры Г. Даулетованың мақтау қағаздарымен марапатталды.

Пән апталығында ұстаздар жаңа бір қырынан танылып, жетістіктерін көрсетуге зор мүмкіндік алды. К.Тойгулеева, Р.Чамқарова, М.Ермекбаева, И.Жетенова, Қ.Баизова, А.Ракишова сынды жоғары санаттағы ұстаздар мен жас мамандар А.Қайыңбай, И.Тәттібекқызы тәжірибелік шеберліктерін ортаға салып, заманауи әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білді. “30 жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?”, “Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?”, “Мемлекетімізді нығайта түсу үшін не істейміз?” деген түрлі сауалдарға тебіренбейтін жастарымыз жоқ шығар. Сол себепті, арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашақ ұрпақты тың серпінмен алға жетелеу әрбір ұстаздың міндеті.

Қаламқас БАИЗОВА,
№160 ЖББМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласы, Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий