Павлодар – НЗМ: Science On Stage Europe халықаралық байқауындағы жеңімпаз жобалар

Биология пәнінің мұғалімі Әсел Заканова мен химия пәнінің ұстазы Баян Муратова 2022 жылдың көктемінде Чехияда өз жобаларын таныстыратын болады. “Science on Stage Europe” байқауының жабылуы мен ұлттық кезеңін қорытындылау рәсімі ұйымдастырылды. Science on Stage Europe – бұл жаратылыстану ғылымының оқытушыларына оқыту идеяларымен және тұжырымдамаларымен бөлісуге арналған еуропалық платформа. 2000 жылы іске қосылған уақыттан бастап, Science on Stage әлемнің 30 еліндегі 100 000 мың оқытушыларды қамтыды, – деп хабарлайды Павлодар қаласындағы зияткерлік мектептің баспасөз қызметі.

2020 жылдың қазан айында ең үздік 30 STEM жобалары іріктеліп алынған болатын. Еуропа елдеріндегі бірқатар тьюторлардың қатысумен өткен апталық сессиялардың нәтижесі бойынша, финалда Қазақстаннан 20-дан аса адам 19 STEM жобаларымен қатысқан.  2022 жылдың көктемінде Чехия мемлекетінде өтетін халықаралық Science on Stage Europe фестиваліндегі 7 ең үздік жобалар қатарына – Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірден 2 жобасы кіреді. Атап айтсақ, “Sustainable Development Goals (SDGs) in Education” категориясында:

Биология пәнінің мұғалімі Әсел Наурызбайқызы Зақанованың “Water in the steppe – filter is the step” жобасы қатысады. Сонымен қатар, химия пәнінің ұстазы Баян Асқарқызы Мұратова мен Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі биология пәнінің мұғалімі Малика Бағланқызы Дұздыбаваеваның бірлескен “Desalination of water using available tools in distance learning” жобасы бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий