Қытай елімен мәдени диалог

«Серіктес мектептер» жобасы аясында Vanke Meisha Academy (VMA) мектебімен, Шэньчжэнь, Қытай, кезекті кездесудің ұйымдастырылуына НЗМ мұғалімі Ксения Аликулова мен VMA мұғалімі Володимир Сидоренко бастамашылдық танытты, – деп хабарлайды Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі. 

Кездесудің басты тақырыбы ұлттың бай мәдени мұрасына арналды: ұлттық мейрам, салт-дәстүр, ойын, музыкалық аспаптар мен музыка, тағам мен киім. Екі мектептің де оқушылары тақырып бойынша шағын топтарға бөлініп, әрбір мұраға  жеке-жеке тоқталды. Он бірінші сынып оқушылары Әлихан мен Нұрай әрбір қазақтың дүние есігін ашқаннан бергі айтулы күндері мен оқиғалары туралы баяндаса, Ерсұлтан мен Назкен «асық ату», «көкпар», «алтыбақан» сынды ойындардың  сипаттамасын берді.

Бөлек тақырып Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналды. Көне мерекеге деген дайындық жөнінде Нұрдәулет айтты. Сондай-ақ, вебинар барысында «Адай» күйі мен Қорқыттың күйлерінен үзінді келтірілді. Достарымыз болса, Қытайдың маңызды мерекелері – Қытай жаңа жылы және “QingMing” (Чинь-минь) – қайтыс болғандарды еске алу күні туралы ақпаратпен бөлісті. Екі мерекенің де нақты аталып өту күні жоқ, ол әр жыл сайын бөлек күндерге түседі.

Біздерге таңғаларлық әрі ерекше болған тақырып фестивальдер болды. Шамдар фестивалі мен Айдаһар қайықтары фестивалі – қытай ұлтына тән айрықша көріністі мереке. Қайықтар фестивалі күндері арнайы «zongzi» тағамы дайындалады екен. Тағы бір қосарлығы, көршілес ел үшін қызыл түс ерекше рөл ойнайды. Ол – мерекелік атмосфераның, молшылық пен өркендеудің символы.

Мәдени мұра – ұлттың тарихи жады. Бұл кездесу оқушыларға ағылшын тілін жақсартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, Қазақстан мен Қытай жастарының арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосқанына сенімдіміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий