Мамандығы мақтаныш: Тәлімі мол тәжірибелі маман

Өмірлік тәжірибесі мол, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай төр төгіп жүрген ардагер әріптесіміз Умирзакова Тамара парасатты жан. В.И.Ленин атындағы КазПТИ «ПГС Өндірістік-азаматтық құрылыс» мамандығын тәмамдаған ол Ш. Есенов атындағы жоғары оқу орнының қабырғасында 1992 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Құрылысшы мәртебелі мамандық. Қадірлі кәсіп  иелерінің еңбегі ерен және қоғамның ілгерілеуіне қосатын үлесі көп. Осы бағытта кейіпкеріміздің маманданушы жастардың білімі мен білігін жетілдіру мақсатында оқитын тақырыптың дәрістерінің маңызы зор. НҚА жобаларын, оның ішінде лауазымдық нұсқаулықтар бойынша құзыретіне кірмейтін жобаларды әзірлеу, дайындау студенттерді кәсіптік тәжірибеге жіберу жөніндегі мекемелермен келісім шарттқа отырғызу және жіберу, онлайн кезінде емтиханның сапалы ұйымдастырылуына белсене қатысқан прокторинг мүшесі.

Университетте өтетін конференцилар мен семинарға, «Құрылыс» және «Кадастр» білім беру бағдарламаларының аккретациялау жұмыстарына арласқан ол т.ғ.к., профессор, академик МАИН Р.Бржановпен бірлескен түрде студенттердің іс-тәжірибелері үшін казақ тілінде әдістемелік нұсқа дайындады. Өздігінен білім алу (мамандандыру бойынша курстардан өту) онлайн біліктілікті арттыру кезінде COURSERA «Компания Autodesk сертифицированным профессионалом: AutoCAD для проектирования и черчения подготовка к экзамену», «Теория  и практика создания онлайн курсов», «Как написать резюме (Проектно ориентированный курс)» курстардың қатысуышысы ретінде арнайы сертификатка ие.

Тамара Койшыгуловнаның ұзақ жылғы еңбегіне орай, әр жылдары университет ректоры, декан, факультет және Ақтау қалалық әкімнен алғыс хатпен және 2011 жылы «Университет ардагері» төс белгісімен, ҚКХП «БЛҚЖО-100 жыл» мерейтойлық төс белгілері табысталды. Жүктелген міндеттерді адал атқаратын ол тағылымды тәжірибесіне қоса білім біліктілігімен бәсекеге қабілетті кәсіби мамандардың жаңа буынын тәрбиелеудегі еңбегі ерен. Баянды бақытымен шаттықтың шуағына бөлеген аға буын өкілі отбасылық өмірде әзиз әже.  

Айжан Ісметиллақызы ІЗБАСАР,
Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың
аға оқытушысы, магистр, Маңғыстау
облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий