Пандемия кезінде отбасын сақтау және кеңес алу
Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру ғылымы және мұғалімдерді даярлау бойынша ЮНЕСКО кафедрасы оқытушылар мен студенттерге вебинар ұйымдастырды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Спикер – Кабакова Майра Победовна, психология ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Отбасылық құндылықтарды зерттеу орталығының директоры «Қазақстандағы Отбасы институты: қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты баяндама жасады. Майра Победовна қоғамның ең өзекті мәселелерін атап айтты.

Ол пандемия кезіндегі ажырасу статистикасы туралы айтып, неке мен қарым-қатынасты қалай сақтау керектігі туралы кеңес берді. Спикер барлық мұқтаж жандарға тегін кеңес беру туралы ақпарат берді. Қатысушылар отбасы мәселелерін қызығушылықпен тыңдап, талқылады, сондай-ақ сұрақтар қойды.Вебинар соңында спикер Майра Победовна университет басшылығына және ЮНЕСКО кафедрасына шақырғаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ қатысушыларға ЮНИСЕФ жобасы аясында психологиялық көмек көрсетуге дайын екендігін хабарлады.
Загрузка...