Республикалық семинар: Өзін-өзі тану денсаулыққа апаратын жол

ZOOM платформасында, сондай-ақ тікелей эфирде «Өзін-өзі тану – денсаулыққа апарар жол!» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды «Бөбек» ҰҒББСО баспасөз қызметі.

ҚР БжҒМ-нің мектепке дейінгі және орта білім беру Комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова; «Бөбек» ҰҒББСО-ның бас директоры Елена Сәкенова; Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов; «АҮДҰИ» КЕАҚ президентінің м. а. Ирина Калачева және «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінің директоры Мақпал Аденова алғы сөз сөйледі.

Елена Сәкенова өзін-өзі тану – бұл ерте жастан басталып, өмір бойы жалғасатын үздіксіз ізденіс екенін айтты. Әр балаға баға жетпес қазына – шынайы білім беруге деген шынайы ықылас «өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етті, өйткені адам өзін, мүмкіндіктерін, тағдырын білмейінше, ол тағдырдың қолында ойыншық болады. Сондай-ақ, балалық шақты қолдау мақсатында Сара Алпысқызы Назарбаева 1992 жылы «Бөбек» қайырымдылық қорын құрды, оның қызметі аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға қолдау көрсетуге бағытталғаны айтылды.

«Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешені еліміздің барлық өңірлерінен келген балаларды сауықтыру, физикалық және рухани денсаулығын қолдау және сақтау бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыратыны туралы Мақпал Аденова айтып берді. 22 күнге созылатын сауықтыру ауысымдары 110 баланы қамтиды, жыл іщінде 1320 бала сауықтырылады. 1997 жылдан бастап «Бөбек» ҰҒПББСО-да 40 000 бала өз денсаулығын нығайтты.

Семинар барысында филология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу қ. Оңалту  және білім беру орталығының директоры С. А. Войтас;  медицина ғылымдарының докторы, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Қоғамдық денсаулық кафедрасының профессоры Қ. Қ Тоғызбаева; медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты балалар неврологы, Балаларды оңалту ұлттық орталығының директоры Ш. А. Бүлекбаева; «Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК бас директоры С. Т. Әлібаев; тұқым қуалайтын емші, «Айкуне» қазақ гимнастикасының авторы, өнертапқыш, халық медицинасының магистрі А. А. Баймағамбетов және тағы басқалар баяндамаларын ортаға салды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий