“Caspian Startup-2021”: Халықаралық стартап байқауы басталды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өткізіп жатқан стартап-жобалар байқауына бүкіл Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан елінен 87 өтінім келіп түсті. Дәстүрлі байқау – жаңаратын энергия көздері тақырыбы бойынша өтуде. Дүниежүзілік пандемияға байланысты байқау биыл аралас форматта ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

«Caspian Startup» – мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған жалғыз жоба. Пандемияға байланысты біз жарысты аралас форматта өткізіп, халықаралық дейгейге шығып көруді ұйғардық. Сол себепті де байқаудың алғашқы екі іріктеу кезеңін онлайн өткізсек, ақтық кезеңді офлайн ұйымдастырамыз. Бізге осыншама жоба клгенде қатты таңқалдық. Себебі бұл тақырыпқа стартап өте аз болады, – деді байқаудың бас ұйымдастырушысы, мектеп директоры Асел Бейсембинова.

Байқаудың алғашқы іріктеу кезеңі өткізіліп, 87 жобаның ішінен 61 жоба таңдалып алынды. Енді қатысушылар мамырдың 4-5-і күні өз жобаларын кәсіпкерлер мен кәсіби стартапшылардан құралған қазылар алқасының алдында онлайн қорғайтын болады. Бұл кезеңде қазылар алқасы байқаудың ақтық кезеңіне 10-15 жоба іріктеп алатын болады.

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге жаңаратын энергия көздері тақырыбындағы жобалар өте өзекті. Өйткені, шаруашылық орталықтарында энергия әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан өңірлер бар. Сондықтан, қатысушылардың жобаларын бақылауға шақырамыз, – дейді Маңғыстау кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі, «Mediana» ІТ-компаниясының негізін қалаушы Өмірбек Құрбанбаев.

Ақтық кезеңге жолдама алған қатысушылардың үшеуі ғана жеңімпаз атанады және ноутбук, планшет, смартфонмен марапатталады. Сонымен қатар, байқауға қолдау білдірген Yessenov University ректор атындағы білім грантын беруге, ал С.Утебаев атындағы Атырау мұнай газ университеті 10 грант, Қазақ-британ техникалық университеті 4 грант бөлді. Сондай-ақ, ақытқ кезең қатысушылары халықаралық ІТ технопарк «Astana Hub» тренерінен үш күндік стартап тренгингтен өтеді.

Өткен байқаулар біздер ұйымдастырған тренингтеріміздің жеткіліксізе кендігін көрсетті. Сол үшін біз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana Hub» технопаркінің жетекшілерінен тренинг өткізуін сұрадық. Бағдарлама үші күнге, стартап бастау тақырыбына арналған, – дейді байқау ұйымдастырушыларының бірі Рысгүл Рамазанова.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлерінің көмегімен сайыс үшінші рет өткізіліп тұр. «Caspian Startup-2021» байқауына биыл «Jusan» банк демеушілік көрсетсе, «Атамекен» кісіпкерлер палатасының Маңғыстау облыстық филиалы,  «Mediana» ІТ-компаниясы, «Eco Waste Aqtau» ЖШС, облыстық «Aqtau TV» телеарнасы, Yessenov University университеті серіктестік білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий