ҚР Ұлттық пікірсайыс федерациясының президенті Болат Бухарбаймен кездесу

Биылғы жылға арналған жоспар-кесте бойынша, ҚР БҒМ министрі Асхат Аймағамбетовтың елімізде дебат қозғалаысын жандандыру жайындағы ұсынысын жүзеге асыру мақсатында біздің орталықта «Сөйлесетін уақыт» пікірталас қозғалысы қатысушыларының кездесуі» бесінші ауысымы барысында ҚР Ұлттық пікірсайыс федерациясының президенті Болат Бухарбаймен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде Болат Бухарбай өзінің дебатқа қалай келгені туралы сөз қозғап, тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде қонағымыз жас пікірсайысшыларға бірнеше кеңесін айтып өтті. Пікірсайыстарда жетістіктерге жету үшін көзқарас, мықты мінез, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білуге жетелейтін ұмтылыс маңызды. Ол үшін көп кітап оқып, танымдық бағдарламаларды қарап, қарым-қатынас орната білу, аргументация дағдыларын дамыту бойынша үнемі жұмыс істеу керек екендігін айрықша атап айтты.

Және жас пікірсайысшыларға өз кеңесін берді. Кездесу соңында ең үздік сұрақ қойған оқушыларға кітап сыйлады. Шешендік және пікірталас ережелерін үйрету, сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті, әлеуметтік жетілген, жауапкершілікті жас ұрпақты қалыптастыруға бағытталған кездесу «Пікірталас мәдениетін меңгеру – жаңа заман талабы» тақырыбындағы шеберлік сыныпқа жалғасты.

Жас пікірсайысшыларға сыни ойлау дағдыларын, ақпаратты дұрыс талдауды, командамен бірлесіп жұмыс істеуді үйретті. Сонымен қатар өзара түрлі тақырыптарда пікірсайыс өткізіп, өз ұстанымдарын нақты аргументтер арқылы жеткізуді түсіндірді.

Ғазиз Бақтиярұлы ДАНИЯРОВ,
“Балдәурен” республикалық оқу
сауықтыру орталығындағы ғылыми
әдістемелік бөлімнің әдіскері, ауысым
жетекшісі, Ақмола облысының Бурабай ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий