Ақбота Ахметжанқызы – мектебіміздің жыл мұғалімі

Ұстазы  мен  оқушының  арасындағы білім  алу  уақыт  талабына  сай  қашықтан  беріліп  жатқанына  қарамастан,  шәкіртінің  білім  деңгейінің  төмендеп  кетпеуіне  бар  күш-жігерін  салып  жүрген  ұстаздарымыз  қаншама! «Мамандық атаулының  төресі – мұғалім»  деген  даналықты баланың  дарынын  аша  білумен ұштастырып, жарғақ құлағы жастыққа  тимей, түн баласы көк темірге телміріп, бүкіл оқушысына кері  байланыс жіберіп, ертеңгі  сабағына платформаның сан түрінен білім  берудің оңтайлысын іздейтін де педагогтары қауымы.

Үздіксіз ізденістері арқылы ерен еңбегімен тер төгіп жүрген мұғалімдердің бар ойы-қандай жағдай болмасын өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру барысында бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты  жоғары  жолға  қойып, оқушының  дарыны мен қабілетін сан қырынан аша білген  ұстаздарымыздың  бірегейі жылдар бойы  өзінің  айшықты  еңбегімен дараланып  келе  жатқан  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақбота Ахметжанқызын биыл мектебіміздің жыл мұғалімі десек  артық  айтқандық емес.

2020-2021 оқу жылы шеңберіндегі аудандық, қалалық, республикалық жетістіктерін санамаласақ бір ғана мұғалімнің мектеп қоржынына  қаншама  жетістіктер  қосқанын мақтанышпен айтуға болады. «Абай әлемі» республикалық байқауының «Жүрегімнің түбіне терең бойла» эссе номинациясына шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хатқа; елімізде енгізілген карантинге жағдайына байланысты оқушыларды қашықтан оқытуды ұйымдастыруға оқу пәнінен тірек конспектілерді әзірлеуге белсене қатысқаны үшін Алматы  қалалық білім басқармасынан Алғыс хатқа; қалалық «Мен ұлы даланың ұрпағымын» атты жыр мүшәйрасына оқушы дайындағаны үшін қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығынан Алғыс хатқа  ие  болса, шәкірттері де сан қырлы жарыстарға қатысуы барысында жүлделі орындарды олжалауымен білім шаңырағының мәртебелі мерейін абыроймен асқақтатты.

Республикалық, қалалық, аудандық  жарыстарда жоғары биік нәтиже көрсеткен  әріптесіміздің тынымсыз тірлігі ұйымшыл ұжымдағы жаңа буын жастарымызға үлгі өнеге. «Ақ бота» республикалық интелектуалды марафонынан Мағжан Дастан, Бақыт Шыңғыс, Есімханқызы Балауса, Елжан Бейбарыс, Асхатұлы Мұрагер, Болысхан Айбол, Ануарұлы Алихан, Нұрболқызы Айсұлу, Сансызбек Ғазиза, Оңалбек Нұрай, Смайл Қазына, Ануарқызы Аяулы, Бақытжанқызы Жаннұр,Талыбек Маржандар жүлделі бірінші орынды иелснсе; Мақсатқызы Кәусар, Бақыт Шыңғыс, Оразбай Мейіржан, Канибекова Алтынай екінші қатардан көрінді. «Абай әлемі» республикалық байқауынан «Жүрегімнің түбіне терең бойла» эссе номинациясы бойынша  11-сынып оқушысы Бейсен Ақерке Алғыс хат; қалалық  «Абай оқуы» байқауынан «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 11- сынып оқушысы Жүнісбек Нурила бірінші; қалалық «Абай әлемі» байқауынан «Жүрегімнің түбіне терең бойла» эссе номинациясы бойынша 11-сынып  оқушысы  Бейсен Ақерке алғашқы; қалалық ҚР-ның Орталық мемлекеттік мұражайымен бірлесе отырып, “Жадымда жатталған Жұбан жырлары” әдеби танымдық кешінен  5-сынып оқушысы Мақсатқызы Кәусар екінші; қалалық «Мен ұлы даланың ұрпағымын» атты жыр мүшәйрасынан 11-сынып оқушысы Жүнісбек Нурила үшінші орынмен марапатталды.

Аудандық «Жеті жұрттың тілін біл» байқауынан 11-сынып оқушысы Нышанбай Аймира үшінші; аудандық «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» эссе байқауынан  9-сынып  оқушысы Баймухаметова Даяна үшінші; аудандық  I Love Almaty байқауынан 5-сынып  оқушысы Оспанова Дария үшінші; аудандық «Мен ұлы даланың ұрпағымын» жыр мүшәйрасынан 11-сынып  оқушысы Жүнісбек Нурила Бас жүлде; аудандық  «Ұлы дала жыршысы» байқауынан 9-сынып оқушысы Калымжан Аяулы бірінші орынға қол жеткізген болатын.

Әрбір толағай табысын ұстаз еңбегінің жемісі ретінде биік бағалайтын шәкірт тәрбиелесе, үлкен үміттің ақталғаны шығар. Шәкірттерінің бойына  табандылықты, еңбексүйгіштікті, тәртіп пен тәрбиені дарыта білген Ақбота Ахметжанқызы қыры  мен сыры, қызығы мен қиындығы қатар жүрген ұстаздық жолда ерекшелігімен танылып жүр. Ол отбасында  ата-енеге ибалы келін, ұл мен қыздардың  аяулы анасы, адал жарды әлі де биік белестерді бағындырып, жемісті жетістіктерге жете беретіндігіне сенім мол.

Атен Урустенбековна ДАЛБАЕВА,
№152 мектеп-гимназияның қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Алматы қаласының Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий