“Әуе, зымыран, авто, кеме модельдеу”: Облыстық жарыстың жеңімпаздары анықталды

«Ақмола дарыны» дарынды балалар және талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының бастамасымен техникалық шығармашылық және өнертапқыштық бойынша әуе, зымыран, авто, кемені модельдеу бойынша қашықтан ұйымдастырылған облыстық жарыстың жеңімпаздары анықталды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басты мақсаты: балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, жеке тұлғаның бәсекелік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау, шығармашылық құзыреттілік, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау. Жарысқа облыстың бес ауданынан (Аршалы, Жарқайың, Целиноград, Шортанды, Зеренді) және үш қаласынан (Көкшетау, Щучинск, Степногорск), аймақтағы қосымша білім беру ұйымдарының 29 білім алушылары қатысты. Үміткерлер бес аталым бойынша өнер көрсетіп, жүлделі орындарды төмендегіше бөлісті.

Радио басқарылатын автомодельдердің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастырудан бірінші орын Ахметов Әли (Аршалы ауданының жас техниктер станциясы); екінші орын Жумабек Айдос (Шортанды ауданындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы); үшінші орын Шубаев Темирлан Шарипович (Жарқайың аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы). Спорт саласындағы техникалық дизайн драгстер схемасы бойынша автотрассалық моделизмнен бірінші орын Ахметов Әли (Аршалы ауданының жас техниктер станциясы).

Авиация саласындағы авиамоделизм техникалық құрастырудан бірінші орын Сумин Максим (Аршалы аудандық жас техниктер станциясы); екінші орын Черепанов Валерий Александрович (Аршалы ауданындағы жас техниктер станциясы); үшінші орын Санзызбай Мейржан (Бурабай ауданындағы “Арман” балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы); ғарышкерлік саласындағы техникалық құрастыру ракета модельдеуден бірінші орын Родин Тимур Сергеевич (Аршалы ауданындағы жас техниктер станциясы).

Су көлігі саласындағы техникалық құрастыру кеме модельдеуден бірінші орын Кушербаев Әлихан (Аршалы ауданындағы жас техниктер станциясы); екінші орын Сизов Дмитрий (Аршалы аудандық жас техниктер станциясы); үшінші орын Кусаинов Дамир (Бурабай аудандық «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»). Облыстық құрама команданың мүшелері «Әуе, зымыран, авто, кеме модельдеу» техникалық шығармашылық және өнертапқыштық жарыстарының жеңімпаздары «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» техникалық шығармашылық байқауының республикалық кезеңіне қатысады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий