Әдеп кеңесі мен кәсіподақ бірлестігінің байланысы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша депатаментінде Әдеп кеңесінің отырысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайлы осы салалық құрылымның баспасөз қызметі. Әдеп кеңесінің мүшесі ретінде отырысқа «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов қатысты.

Отырыста Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытхан Жолдасбекұлы Позиловтың, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Абылайхан Әлібекұлы Балықбаевтың тәртіптік мәселелері қаралып, сондай-ақ Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Ұланбек Қуанышбекұлы Тастемірдің, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Шымкент қаласының Статистика департаменті басшысының орынбасары Жанар Түгелбайқызы Ережепованың мекеменің тәртіптік кеңес төрағалары ретінде атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды. Кеңес отырысы қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий